Елордада техникалық қадағалау саласында бірлескен жобаларды жүзеге асыру бойынша серіктестік Меморандумы қабылданды

Астана жаңалықтары: Елордада техникалық қадағалау саласында бірлескен жобаларды жүзеге асыру бойынша серіктестік Меморандумы қабылданды

Астанада ҚР Инвестициялар және Даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті мен Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті арасында техникалық қадағалау саласында бірлескен жобаларды жүзеге асыру, лайықты мамандарды даярлау, ортақ ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу бойынша серіктестік Меморандумына қол қойылды.

Аталмыш құжат бүкіләлемдік стандарттар күніне орайластырылған «Стандарт – бүкіл әлемге ортақ тіл» конференциясы барысында қабылданды.

Меморандум Қазақстандағы стандарттау, техникалық қадағалау, аккредитация салалары бойынша жүйелі диалогтар орнатуға себепші болады.

Айта кету керек, бүгінгі күнде ҚР Инвестициялар және Даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті елдің 25 жетекіші жоғары оқу орындарымен серіктестік Меморандумын жасасты.

Жалпы, Қазақстанның 43 жоғары оқу орындарында «Стандарттау, сертификаттау және метрология» мамандығы оқытылады.

astana.gov.kz/kk/modules/material/9248
Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше