Астанадағы пәтер мәселесі және оның оңтайлы шешімі

Астана жаңалықтары: Астанадағы пәтер мәселесі және оның оңтайлы шешімі

Жақын арада Астана қаласында тұрғын үй салу мәселесі жөнінде брифинг өтті. Бірақ бірінші кезекті статистикалық мәліметтерге берсек…

Ағымдағы жылдың шілде айынан бастап, Елордамыздың тұрғын үй қоры 300 мың шаршы метрге өсіп, барлығы 1 198 мың шаршы метрді құраған болатын. Айта кететін жайт, бұл көрсеткіш былтырғымен салыстырғанда 74% — ға көп. Авариялық және ескі үйлерді бұзу бойынша жобаның пилоттық нұсқасына сай осы уақыт аралығында 29 көппәтерлі ескі үйлер бұзылып, бұл үйлердің тұрғындарына 328 пәтер қайтарымсыз қолданысқа берілді. Яғни, Астана Республика бойынша әдеттегідей пәтер беру позициясы бойынша алдыңғы қатарда.

Бүгінгі таңда «Тұрғын үй құрылысына үлестiк қатысу туралы» және «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңдарын бұзуға жол беретін тәртіпсіз құрылыс салушылармен байланысты бірнеше мәселелер бар екендігін де ескерген жөн. Әрине, олармен әділет ұйымдары тынымсыз күрес жүргізіп келеді. Бұндай бұзушылықтар көптеген компанияларда кездеседі. Проблемалық обьектілері бар компаниялар деп келесілерді атауға болады: «Азбука жилья» АҚ, «Толенды» компаниясының топтары, «Аль баракат компани» ЖШС, «ОралДизайнСтройСервис» ЖШС, «ШейхКазИнвест» ЖШС, «ТамызИнвестГрупп» АҚ және тағы басқалары.

2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап, «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңындағы өзгерістер өз күшіне енеді. Оған сәйкес, объектілерді қабылдап алу мен қолданысқа беру тапсырыс беруші толықтай дайын болған кезінде оның өзіндік қатысуымен жасалады. Яғни, қабылдап алу үдерісімен байланысты барлық қазметкерлер азаматтардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін әрекеттері мен бұзылу барысында мемлекетке келтірілген зиян үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікті өз мойындарына алады.

Астана жаңалықтары: Астанадағы пәтер мәселесі және оның оңтайлы шешімі

Сіздерге қажет ақпараттардың барлығын дайындаушы ұйым мен осы өзгерістерді енгізуге әрекет жасаған Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитетінен ала аласыздар.

Ең бастысы — абай болыңыздар және өз ақшаларыңызды күмән туғызатын компанияларға сеніп тапсырмаңыздар!
Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше