Қазақстан – Нидерланды матчының билет бағалары төмендетілді

Астана жаңалықтары: Қазақстан – Нидерланды матчының билет бағалары төмендетілді

10 қазан күні «Астана Арена» стадионында 2016 жылы өтетін Еуропа чемпионатының кезекті іріктеу кезеңі турында футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Нидерланды командасымен кездеседі. Осыған орай бүгін Астана әкімдігінің ғимаратында ойын уақытында қадағаланатын қауіпсіздік шаралары туралы брифинг өтті.

Қалалық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары Әбдіхамит Тамабаев матч алдында жанкүйерлерді стадионға дейін тасымалдауды ұйымдастыру барысы жайлы айтып берді.

Ойын басталардан үш сағат бұрын қоғамдық көліктерден басқа көлік қозғалысы үшін Қабанбай батыр және Тұран даңғылдарының Керей Жәнібек хандар көшесінен Хусейн Бен Талал көшесіне дейінгі бөлігі уақытша шектеледі. Мачт уақытында осы көшелерге жолы түсетін жүргізушілер Орынбор көшесі арқылы айналып өтеді.

Жанкүйерлер стадионға №10, 12, 27, 40, 43, 51, 55 автобус бағыттары арқылы жетуге болады. Бұдан бөлек, сағат 19.00-ден бастап қаланың 6 тұсынан арнаулы автобустар қатынайды. Олар «Қазақстан» СК, «Әзірет Сұлтан» мешіті, Қ.Мұңайтпасов атындағы стадион, «Жастар» театры, «Нұр Астана» мешіті және «Астаналық» цирк алдынан жүреді. Басқарма өкілі бұл рейстерге жолақы билеттері жарамсыз екенін ескертеді.

Сондай-ақ, Қазақстан Футбол федерациясы қолдаушыларды көптеп жинау үшін ең қымбат билет бағасын 6 000 теңгеге дейін төмендетті. Билеттерді стадион кассасымен қоса, «Меломен» сауда желілерінен және «Тикетон» (www.ticketon.kz) интернет сервисі арқылы сатып алуға болады.
Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше