Елорда тұрғындары арасындағы флюрографиялық тексерілудің жалпы жоспары 9,5% артты
2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» денсаулық сақтау саласының мемлекеттік жоспарын жетілдіру аясында Астанада 4 алғашқы медико-санитарлық көмек көрсететін мекеме және 2 көпсалалы стационар салынды.
Бұл туралы қалалық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени саланы дамыту мәселелері бойынша тұрақты комиссиясының отырысында Астана қаласы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ерік Байжүнісов мәлімдеді. 2015 жылдың бірінші жарты жылдығы қорытындысы бойынша медициналық ұйымдар 70% қажеті құралдармен жабдықталды.
Елордада инновация, жоғары технологиялық медицина мен халықаралық тәжірибе алмасу енгізілуде. Әлеуметтік-маңызы бар ауруларды анықтау мақсатында Астана қаласының тұрғындары үшін скринингтік зерттеулердің 11 түрі жүргізіледі.
2015 жылы қала тұрғындары арасында флюрографиялық тексерілудің жалпы жоспары 9,5% артты. Елорда тұрғындарына білікті медициналық қызмет көрсетуді қамтамасыз етуде тиісті шаралар қолданылады. Жыл сайын қалалық денсаулық сақтау мекемелерінде 88 мыңға жуық адам ем қабылдайды.
Әлеуметтік және медициналық қызмет көрсету мақсатында №4 қалалық емхана базасында соғыс ардагерлері мен егде адамдар үшін арнайы тіркеу бөлімі жұмыс істейді, емханаға үйде қаралатын науқастар үшін жылжымалы құралдар алынды.
Комиссия отырысы нәтижесінде қалалық атқарушы органдарға «Саламатты Қазақстан» 2011-2015 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны жетілдіруде толық көлемде тиісті шараларды қолдану тапсырылды.

Пікір жоқ әзірше