Ә. Жақсыбековтың Ұстаздар күні мерекесімен құттықтауы

Құрметті ұстаздар!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – «Ұстаздар күнімен» шын жүректен құттықтаймын!

Ұстаз – кез келген адам үшін қастерлі тұлға. Ол шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, дүниетанымы мен көңіл көкжиегін кеңейтеді. Жақсылық жасауға үндеп, жалпыадамзаттық құндылықтарды бойға сіңіреді. Ұлы Абай «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» деп жырлағандай, ең әуелі шәкіртіне тәлім мен тәрбие беріп, білім мен ғылымға баулыған ұстаздың қадірі қашан да биік. Мемлекетіміздің келешегі ұстаздар баулыған жастардың қолында. Сондықтан абыройлы мамандық иелерінің жұмысы жемісті, келешегіміз кемел болсын деп тілек білдіремін.

Дендеріңіз сау, жұмыстарыңыз берекелі болсын!

Құрметпен, Астана қаласының әкімі Әділбек Жақсыбеков
Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше