«Алаудың» жаңа маусымы

Астана жаңалықтары: «Алаудың» жаңа маусымы
Астанадағы «Алау» мұз айдынында бұқаралық сырғанаудың жаңа маусымы ашылды. Мұз айдыны дүйсенбіден басқа күндердің барлығында жұмыс істейді. Жаңа маусымда қала жұртшылығының сұрауы бойынша күнделікті үш сағатқа созылатын кешкі сағат 19:00-ден басталатын бір сеанс қосымша енгізіліп отыр.

Бір айта кетерлігі, жаңа маусымда сырғау құны ескіше қалды. Сырғанаудың ең төменгі бағасы 250 теңге болса, ал кешкі сеанстың құны 1500 теңгеден аспайды. Сондай-ақ, студенттерге арналған жеңілдіктер қарастырылған күндер ұзартылды.
Бүгінгі таңда коньки спортының Ұлттық құрамасы өз жаттығу жұмыстарын бастап кетті, ал қазан айының соңында «Алау» мұз сарайында коньки тебуден Қазақстан чемпионаты өтеді.

Қаперіңізде жүрсін, шорт-трек пен коньки спорты секциясына балаларды қабылдау жалғасуда.
Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше