Үздік білім беру мекемелері анықталды

Астана жаңалықтары: Үздік білім беру мекемелері анықталды

Қазанның бірінші жексенбісінде елімізде Мұғалімдер күні аталып өтеді. Осыған орай бүгін Бейбітшілік және келісім сарайында ардагер ұстаздар, қалалық білім беру мекемелерінің басшылары және қоғамдық мекемелер өкілдерінің басын қосқан салтанатты жиын өтті.

Астана қаласының әкімдігі мұғалімдерді мерекелерімен құттықтап, дәстүр бойынша жыл сайынғы елорда әкімінің гранты табысталды. Үздік білім ордалары жеті аталым бойынша марапатталды.

Ең үздік балабақша: №35 «Ертегі» балабақшасы
Ең үздік мектеп: №40 орта мектеп
Ең үздік гимназия: №6 гимназия
Ең үздік колледж: Қоғамдық тамақтану және сервис колледжі
Ең үздік қосымша білім беру мекемесі: «Шығыс» Балалар орталығы
Ең үздік арнайы білім беру мекемесі: №1 психология-медико-педагогикалық кеңес беру орталығы
Жыл ұстазы: №66 мектеп-лицейінің бастауыш сынып мұғалімі – Бастемова Светлана

Мұғалімдердің ішінде мерейі үстем болған «Жыл ұстазы – 2015» байқауының жеңімпазы Светлана Бастемоваға Астана қаласынан пәтерге ие болды.

Мұғалімдер күніне арналған мерекелік шарада қазақ эсрадасының жұлдыздары Роза Рымбаева, Күміс Базарбаева, Алмас Кішкенбаев, Тұрсынбек Қабатов, Мәдина Сәдуақасова, Бақыт Шадаева, Алматы қаласының «Театр теней» және Оқушылар сарайының шығармашылық ұжымы өнер көрсетті.
Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше