Астанада жыл басынан бері 10 мыңнан астам пәтер пайдалануға берілді
Бүгінгі таңда Астана қаласында жыл басынан бері 10 мыңнан астам пәтер пайдалануға берілді. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткенде баспасөз мәслихатында Астана қаласы әкімінің бірінші орынбасары Сергей Хорошун мәлімдеді.
– Шілде айынан бастап қаланың тұрғын үй қоры 300 мың шаршы метрге ұлғайған. Барлығы жыл басынан бері 1 миллион 198 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл 10 895 пәтерді құрайды және өткен жылдың көрсеткіштерінен 75 пайызға артық. Бұл уақыт аралығында елордада апатты жағдайдағы үйлерді сүру бойынша пилотты жоба асында 28 тұрғын үй сүріліп, тұрғындар 328 қайтарымсыз пәтерге ие болды, — деді С. Хорошун.
Оның айтуынша, «Қол жетімді баспана-2020» бағдарламасы аясында жыл басынан бері 228 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген. Астана үй құрылысы бойынша елімізде бірінші орында тұр. Қазіргі уақытта 210 көп пәтерлі тұрғын үй кешенінің құрылысы жүргізілуде. Жобалау сатысында 551 нысан бар.
Сонымен қатар, брифинг барысында Үлескерлік туралы заңды бұзған 20 құрылыс компаниясының нысандары бойынша да сөз қозғалды. Астана әкімінің бірінші орынбасары Сергей Хорошунның айтуынша, аталмыш құрылыс компанияларға қатысты Астана әкімдігі мен прокуратура тексеріс жүргізіп жатыр.
— Үлескерлік қатысу туралы заңды елемей, тұрғындардан пәтерге алдын ала қаражат жинаған құрылыс компанияларына қатысты құқық қорғау органдарының қатысуымен арнайы комиссия құрылды. Қазіргі уақытта 44 нысан бойынша тергеу жүргізілуде. 25 нысан жобалау үстінде болса, 19 нысан құрылысы жүріп жатыр. Ол нысандардың құрылысын 20 компания салып жатыр, — деп атап өтті әкімнің орынбасары.
С. Хорошунның айтуынша, олардың басым бөлігі тіпті, құрылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсат та алмаған болып шықты. Жыл басынан бері ешбір құжатсыз әрекет етіп келген құрылыс компаниялар саны 125-тен 13-ке дейін азайған. Жыл соңына дейін бұл мәселе түбегейлі шешіледі.
Мұндай компаниялар қатарында «Азбука жилья», «Төленді», «Әл-Барақат», «Сезам стройсервис», «Шейx Казинвест» және «Тамыз инвестгрупп» компаниялары кірген.
astana.gov.kz/kk/modules/material/9158
Пікір жоқ әзірше