Астананың медицина мекемелерінде Қарттар күніне орай мерекелік шаралар өтті
Бүгін елорданың барлық медициналық ұйымдарында Қарттар күніне орай мерекелік шаралар өтті. Атап айтқанда, №4 қалалық емхана базасында орналасқан «Алтын жылдар» зейнеткерлер клубының мүшелерінің қатысуымен салтанатты шара ұйымдастырылды.
Астаналық ардагерлер үшін мерекелік концерт әзірленіп, оған елордалық мектеп оқушыларынан бөлек, «Астана Опера» театрының жетекші әртістері де қатысты.
Елена Сорокина, №4 қалалық емханасы кәсіподақ комитетінің төрағасы:
– Қарттар күніне орай №4 қалалық емханада мерекелік шара ұйымдастылды. Сондай-ақ, емханада «Алтын жылдар» клубы жұмыс істейді, бүгін бұл клубқа 5 жыл толып отыр. Мереке аясында «Алтын жылдар» клубының мүшелерін мерейтойымен құттықтадық. «Астана Опера» театрының жетекші әртістері, №56 мектеп және қалалық музыка академиясы оқушыларының қатысуымен концерт өтті. Сондай-ақ, бүгінгі шараға денсаулық сақтау саласына еңбек сіңірген ардагерлер де қатысты.
Өз кезегінде, зейнеткерлер алғыстарын білдіріп, шараның ұйымдастырушылары мен қатысушаларына сәттілік тіледі.
astana.gov.kz/kk/modules/material/9155
Пікір жоқ әзірше