Астаналық 58 мың зейнеткерге әлеуметтік көмек көрсетіледі

Астана жаңалықтары: Астаналық 58 мың зейнеткерге әлеуметтік көмек көрсетіледі

Астана қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының хабарлауынша, Қарттар күніне орай, елорданың 58 мың зейнеткеріне жергілікті бюджет есебінен 5 мың теңге мөлшерінде бір реттік материалдық көмек көрсетіледі.

Ардагерлер ұйымының белсенділері Ұлы Отан соғысы қаһармандары мен зейнеткерлердің үйін араласа, Алматы ауданының әкімдігі ауданға қарасты 150 зейнеткерге арнап қайырымдылық ас береді. Ал, Қарттар мен мүгедектерге арналған медициналық-әлеуметтік мекемелерде 270 егде жастағыларға шипажайлық-курорттық емделу қызметі көрсетіледі. Сондай-ақ, шағын орталықтарда бірқатар спорттық шаралар ұйымдастырылып, Жастар сарайында елорданың ҰОС ардагерлері мен зейнеткерлеріне арналған мерекелік концерт өткізіледі.
Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше