Астанада қоғамдық келісім кеңесінің отырысы өтті

Астана қаласының Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығымен «Мәңгілік ел — Қазақстаннның жалпыұлттық идеясы» тақырыбына «Ақмола вагон жөндеу зауыты» АҚ Қоғамдық келісім кеңесінің кезекті мәжілісі өткізілді.

Іс-шараға «Ақмола вагон жөндеу зауыты» АҚ Қоғамдық келісім кеңесінің мүшелері, Астана қаласы ҚХА хатшылығы мен Астана қаласы әкімдігінің жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ өкілдері қатысты.

Кеңес барысында ҚХА Астана қалалық хатшылығының меңгерушісі Ләззат Құсайынова астаналық этномәдени бірлестіктер қызметтерінің негізгі бағыттарын атап өтіп, Қазақстан халқы Ассамблеясының қалыптасу тарихын қысқаша баяндап берді. Сонымен қатар, ол Қазақстан халқы Ассамблеясының мақсаттары мен міндеттеріне жету жолында қоғамдық келісім мен ұлттық бірліктің нығаюы, азаматтық қоғам институттарының, саяси және үкіметтік емес ұйымдардың, өзге де бірлестіктердің бірігуі негізгі мақсаты болып саналатын қоғамдық келісім кеңестерінің құрылуы Қазақстан халқы Ассамблеясы қызметінің басты бағыттарының бірі екеніне тоқталып өтті.

«Ақмола вагон жөндеу зауыты» АҚ бас директоры З. Шибкеновтың айтуынша, бүкіл әлемдік экономикалық дағдарыс астаналық кәсіпорынды да айналып өтпеген. Алайда, зауыт басшылығымен осы күрделі жағдайдан шығудың барлық жолы қарастырылуда. — Біздің кәсіпорында 42 этностың өкілі жұмыс істеуде. Компанияның барлық қызметкерлерінің рухани бірлігі, жұмылуы арқасында ғана біз бұрынғы қарқынымызға орала аламыз, — деді ол.

Кеңеспен ұлтшылдық, үргедектік көріністерінің алдын алу мақсатында жастармен тәрбие жұмыстарын жүргізуді одан әрі жалғастыру, толеранттылықты насихаттау, ЭМБ шығармашылық ұжымдарын біріккен мерекелік іс-шараларға шақыру арқылы олардың сал-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарына ізеттілік танытау, кәсіпорын ұжымымен жұмыста Ассамблея, ҚХА Қоғамдық келісім кеңесінің әлеуетін белсенді пайдалану жөнінде шешім қабылданды.
Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше