Елорда емханаларында ашық есік күндері өтуде

Астана жаңалықтары: Елорда емханаларында ашық есік күндері өтуде

1 қазан бүкіл әлемде Халықаралық қарттар күні аталып өтеді. Астанада Қарттар күніне орай жыл сайын бірқатар мерекелік шаралар ұйымдастырылады.

Осыған орай 20 қыркүйектен 1 қазан аралығында елорданың барлық емханаларында қарттарға арналған ашық есік күндері өтеді. Егде жастағы елорда тұрғындары толық медициналық тексерістен өтуге мүмкіндік алады. Ашық есік күндері күнделікті сағат 9:00-18:00 дейін өтеді.

№10 қалалық емханада 21-30 қыркүйек аралығында ашық есік күні ұйымдастырылады. №7 қалалық емхана 26 қыркүйекте келушілерді қабылдайды. 28 қыркүйекте «Демеу» және «Киров» отбасы дәрігерлік амбулаторияда қарттарға арналған ашық есік күндері өтеді. Ал, 29 қыркүйек күні №2, 3, 6, 8 қалалық емханаларының және «Ниет» отбасы денсаулық орталығының мамандарынан кеңес алуға болады.

№5 қалалық емханада және «Шапағат» отбасы денсаулық орталығында 30 қыркүйекте қабылдау сағаттары өтеді. 1 қазан күні №1, 4, 9 қалалық емханалары мен «Салауатты Астана» ЖШС және «Достық» отбасы денсаулық орталығында ашық есік күндері өтеді.

Шара аясында дәрігерлер жүрекке және өкпеге аускультация әдісін пайдаланады, артериалдық қысым, қан қысымы мен қандағы холестерин деңгейін өлшейді.

Айта кетейік, Халықаралық қарттар күні БҰҰ Бас Ассамблеясының 1990 жылғы желтоқсанның 14-і қаулысы негізінде жыл сайын дәстүрлі түрде қазанның 1-інде аталып өтуде.

astana.gov.kz
Бөлісу:

1 пікір