Салық төлеушілерге қызмет көрсету орталығы ашылды
Мемлекеттік кірістер басқармасы Есіл ауданында салық төлеушілерге қызмет көрсетуге арналған жаңа орталықты салтанатты түрде ашты.
– Елордамыздың сол жағалауы жылдам қырқынмен өсіп жатыр. Сондықтан Есіл ауданында заманауи технологиялармен жабдықталған салық төлеушілерге қызмет көрсету орталығы ашылды. Қазіргі таңда салық төлеушілер мен мемлекеттік кірістер басқармасы арасындағы байланыс электрондық тәртіпке көшіп жатыр. Астана қаласы тұрғындарының 95%-ы мемлекеттік кірістер басқармасына электронды есеп тапсыруға көшкен. Олардың көбінің айтуынша, электронды есеп жіберудің артықшылықтары көп. Бүгін ашылған жаңа орталық салық төлеушілердің уақытын үнемдеп, сапалы қызмет алуларын қамтамасыз етеді. Өйткені қызмет көрсету электронды кезек арқылы жүзеге асып жатыр, – деді Астана қаласы Мемлекеттік кірістер Департаментінің басшысы Әбілқайыр Сқақов маңыздылығына тоқталып.
Орталықта салық төлеушілердің өз бетінше өтініштер мен салық есептерін жіберуге арналған терминал іске қосылған. Салық төлеушілер терминалды пайдалануды тез үйреніп, алғашқы күннен бастап салық есептерін жүргізіп жатыр.
Астана қаласының кез келген салық төлеушісі өздерінің салықтық міндеттемелерін «Жеке кәсіпкерлерге арналған салық төлеушінің жеке кабинеті» сервисі арқылы да өтей алады.
Пікір жоқ әзірше