Павлодар облысының жәрмеңкесінде 730 тонна өнім саудаланады

Астана жаңалықтары: Павлодар облысының жәрмеңкесінде 730 тонна өнім саудаланады

Бүгін Астана қаласының әкімі Әділбек Жақсыбеков пен Павлодар облысының әкімі Қанат Бозымбаев сауда-экономикалық қарым-қатынасты одан әрі нығайту жөніндегі келісімге қол қойды.

Енді елордада Павлодар облысының арнаулы дүкендері ашылмақ. Тұрғындар бұдан былай «Шапағат» коммуналдық базарынан керекулік өнімдерді де тұтынады.

Сондай-ақ, сенбі, жексенді күндері Павлодар облысының ауыл шаруашылық жәрмеңкесі өтеді. Биыл тауар өндірушілер елордалықтарға 184 миллион теңге сомасындағы 730 тонна өнім ұсынады. Атап айтқанда, 108 тонна ет пен еттен жасалған өнімдер, 25 тонна сүт өнімдері, 104 мың дана жұмыртқа, 300 тонна картоп, 490 тонна көкөніс пен бақша дақылдары, 20 тонна ұн, 37 тонна жарма мен макарон өнімдері, 12 тонна нан-тоқаш және кондитерлік өнімдер, 18 тонна күнбағыс майы, 3 тонна бал әкелінді.
Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше