Орбұлақ шайқасы бабалар ерлігі ел есінде

Бзб 480 жылдары Парсылар Грек жеріне басып кіреді. Қамсыз отырған грек патшасы Леонид өз әскері арасынан ең таңдаулы деген 300 сарбазын 80 мың әскерге қарсы жібереді. «Мың сарбаз жіберсең қайтеді»,-дегендерге «жауды жеңуге мың да аздық етеді, ал ел үшін өлім құшуға үш жүзде жетеді» деген екен. Сол үш жүз әскер, сексен мың әскерге төтеп бере алмаса да үш күн бойы шайқасып өздерінен екі есе жаудың көзін жойып ерлікпен қаза тапқан. Бұны қазір гректер мақтанышпен фильмдер түсіріп кеңінен айтып жүр.
Тарихтын терең жықпылына үңілсек қазақ жері де бұндай ірі шайқастардан кенде болмаған. Соның бірі Орбұлақ шайқасы 1643 жылдың жазында болған шайқас жоңғар ханы Батыр мен қазақ ханы Жаңгірдің арасында өрбиді. 50 мың әскермен тұтқиылдан келген жоңғарларға еш дайындықсыз бірікпеген, қолда бар 600 адамнан жасақталған азғантай топ шығады. Жер жағдайы мен әскери шеберлікті ұштастыра отырып алғашқы шайқаста ақ жоңғарлардың он мың әскерін жойып жібереді. Осындай тарихи мәні үлкен шайқас туралы өскелең ұрпақ аз біледі. Биылғы жылы елбасымыздың «халық тарих ағымында» мәдени мұрасының аясында Алматы облысы жастар саясаты мәселелері басқармасы Орбұлақ шайқасы туралы Республикалық көлемінде реконструкция өткізбек. Жастардың арасында патриоттық рухты көтеріп, тарихты терең тануға бағытталған іс шара Талдықорған қаласында өтеді. Үстіміздегі жылдың қазақ хандығының 550 жылдығына арналғаны белгілі. Осы мақсатта еліміздің дәстүрі мен тарихын еске бір түсіретін тарихи қойылым екінші қазан күні өтпек. Белгілі актерлерден құрылған қазақ батырларының көрмесімен қатар Ұлттық ойындар ойнатылып, өнер шеберлері өз өнімдерін ұсынбақ. Кеш соңы этникалык ән концертте халық назарын өздеріне аударары сөзсіз. Талдықорған қаласында екінші қазанда өтетін іс шара қалалық иподромында өтетінін еске саламыз, барлық келем деушілерге есік ашық.
Бөлісу:

17 пікір

ken
Осы шайқас турасында қандай да бір жазба дерек бар ма?
AidaKozhmambetova
Бар ғой Бексултан Нуржекеев ағамыз біледі бір білсе
ken
Бексұлтан Нұржекеев сол шайқас тұсында өмір сүрген адам ба?
SSSS
естуімше бұл шайқас жайлы деректерді бір орыс офицері, сол шайқаста болған жоңғарлардан естіп, қағазға жазып кеткен, сондықтан біреу өтірікші болса, осыны айтқан жоңғар өтірікші немесе жазған орыс өтірікші. Одан бөлек Жалаңтөс батырдың 20 мың қолын естен шығармау керек.
ken
«естуімше» деген болмайды. орыс офицерінің аты-жөніне, жазып қалдырған документіне сілтеме керек.
SSSS
гуглдан іздеп көр, мен тарихшы емеспін оны іздеп, қазбалап жататын, бырақ біздің тарихымыздың бәрін жәй ойдан шығарған аңызғылып, сендерде елде, жерде болмаған дейтін орыстардың немесе зомбилардың сөздеріне жыным келеді, нағыз Ұлы тарих бізде болған, бырақ орыстар қаншама жылбойы соның бәрін жойған, себебі ол халықты бабасын білмейтін мәңгүрт қылудың бірден-бір жолы, сол орыстың 90% сол бабасын білмейтін өңшең мәңгүрт зомби, сол себепті олар бабасын білетін халықтарды иттің етінен жеп көреді.
SSSS
сосын прическаны қатырыпсың)))))))))))
AidaKozhmambetova
Мне мне мен де осыны айтқым келген
asaubota
осындай рух көтеретін әдемі аңыздар да керек сияқты
bake
расымен аңыз… әйтпегенде 10 000 /600 бөлсек ортақ коэффициент 16,6 емес пе?
AidaKozhmambetova
Корей сериалдарын көріп журмыз жер жағдайын терең зерттеп өздеріне қолайлы жерде өздерінен екі есе жауды жапырып жатады ғой) аңыз болсада шындық бар астарында.
bake
Бертінгі тарихта «25 Панфиловшы»….
kariim
Осындайға сене алмаймын еш.
ken
Риуаяты жоқ дейсіз ғой?
kariim
))) Осы жерде ұстадың, Кен!!!