Елордада түркімен суретшілерінің көрмесі өтуде

Астана жаңалықтары: Елордада түркімен суретшілерінің көрмесі өтуде

Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде Түрікменстан бейтараптылығының 20 жылдығы аясында «Түрікмен суретшілерінің әлемі» атты көркем өнер туындылары көрмесінің ашылу салтанаты болды. Салтанатты шараға Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің жауапты хатшысы Қуатжан Уәлиев, Ұлттық музей директоры Дархан Мыңбай, Түрікмен Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Магтымгулы Акмырадов қатарлы лауазымды тұлғалар және өнер мен мәдениет қайраткерлері қатысты.

«Бұл бізге жақын туысқан халық. Сонау тарихтар қойнауынан бері қарай екі ел де бір-бірімен тығыз қарым-қатынаста болып келеді. Түрікменстан мен Қазақстанның арасында ортақ шекарамыз да бар. Сонымен қатар мәдениет пен өнеріміз де әрқашан сабақтасып дамып келеді. Түрікмен суретшілерінің бізге келіп ашып жатқан көрмесі біздің рухани және мәдени өмірімізге серпін беретін игі іс деп ойлаймын» – деді жиында сөз алған Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің жауапты хатшысы Қуатжан Уәлиев.

Бұл шара Ұлттық музейдің «Әлемдік мәдениет және заманауи кескіндеме» жобасы аясында ұйымдастырылып отыр.
Жиында сөз сөйлеген Ұлттық музей директоры Дархан Мыңбай былай деді: «Бүгінгі көрме Түрікмен Республикасының Бейтараптылығының 20 жылдығына арналып отыр. Көрмедегі өнер туындылары әр түрлі жанрда кескінделген. Осы көрме түрікмен халқының рухани байлығын, талантты адамдарының еңбегін көрсетеді. Екі туысқан халықты біріктіретін рухани, мәдени, тарихи дүниелер өте көп. Екі ел де арғымақ атты өте жоғары бағалайды. Олардың да біздегі сияқты күйшілік өнер бар. Мұның барлығы екі елді байланыстырып жатқан рухани жіп деп айтуға болады. Бүгінгі көрме рухани әлемімізді одан сайын жақындастыра түседі деген ойдамыз».

«Түрікмен суретшілерінің әлемі» көрмесін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі, Түрікмен Республикасының Қазақстандағы Елшілігі және Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі ұйымдастырып отыр. Салтанатты шарада сөз алған Түрікмен Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Магтымгулы Акмырадов Ұлттық музей қабырғасынан түрікмен суретшілеріне орын беріп, көрме ұйымдастырған қазақ халқының туысқандық ізгі ниетіне рахметін айтты.

Көрмеге түрікмен суретшілерінің 40-тан астам кескіндеме және декоративті-қолданбалы өнер туындылары қойылған. Тәуелсіздік алғаннан кейін Түрікменстанның бейнелеу өнерінде түбегейлі өзгерістер болды. 1994 жылы алпысыншы жылдар суретшілерінің бастамашылығымен және мемлекеттің жан-жақты қолдауымен суретшілердің, мүсіншілердің, дизайнерлер мен сәулетшілердің талантты жас буынына жол ашып берген Түрікменстан Республикасының Мемлекеттік көркемөнер академиясының негізі қаланды.

Түрікмен өнерінің ұлттық ерекшелігі Ч. Амангелдиевтің, Я. Байрамовтың, К. Оразнепесовтың, А. Одаевтың, Г. Бабиковтың, К. Сейитмұхаммедовтың және Е. Адамованың туындыларында тұнып тұр. Бұл шеберлердің картиналары олардың өздері жасаған көркем әлеміндегі жеке күйзелістері, күйбің тіршілікті бейнелі қабылдауысындылирикалық сарындарға толы. Көрме экспозициясы шеберлердің аға буыны мен шығармашылығы Тәуелсіздік жылдары қалыптасқан суретшілердің жаңа саңлақтарының туындыларынан тұрады.

Көрме ашылмас бұрын Түрікмен және Қазақстан суретшілері баспасөз конференциясын ұйымдастырды. Мұнда екі ел суретшілері мен өнер адамдары қазіргі кескінде және сурет өнері жайлы пікір алмасқан болатын.

Көрме 23 қазанға дейін жалғасады.

Астана жаңалықтары: Елордада түркімен суретшілерінің көрмесі өтуде

Астана жаңалықтары: Елордада түркімен суретшілерінің көрмесі өтуде

Астана жаңалықтары: Елордада түркімен суретшілерінің көрмесі өтуде

Астана жаңалықтары: Елордада түркімен суретшілерінің көрмесі өтуде

Астана жаңалықтары: Елордада түркімен суретшілерінің көрмесі өтуде

Астана жаңалықтары: Елордада түркімен суретшілерінің көрмесі өтуде

Астана жаңалықтары: Елордада түркімен суретшілерінің көрмесі өтуде
Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше