Астанада қалалық еңбек форумы өтті

Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 22 қазандағы №698 Жарлығымен қоғамдағы адам еңбегінің беделін өсіруге, өндіруші еңбекті ынталандыруға, жұмыс мамандықтарын насихаттауға және өндіріс саласына жастарды тартуға, жұмыс әулетіндегі көпжылдық дәстүрді нығайту мақсатында, Елбасының Жалпыға ортақ Еңбек Қоғамын құру идеясын нығайту шеңберінде қыркүйектің соңғы жексенбісі еңбек Күні болып бекітілді.

Астана қаласында еңбек Күні мерекесін өткiзуді ұйымдастыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары және қалалық еңбек Форумын өткізу жөніндегі тапсырма-жоспары бекітілген. Аталған іс-шаралар жоспарына сәйкес қаланың ұйымдарында жаппай іс-шаралар, оның ішінде концерттер, сенбіліктер, кездесулер, еңбек ардагерлерінің шерулері, спорттық іс-шаралар, экскурсиялар және т.б. өткізілуде.

Осыған орай, М. Өтемісов атындағы Оқушылар сарайы ғимаратында еңбек Күнін мерекелеуге арналған қалалық еңбек форумы өткізілді.

Форумның ұйымдастырушылары: Астана қаласының әкімдігі, Астана қаласының Кәсіподақ Орталығы және Астана қаласының Кәсіпкерлер палатасы.

Қалалық еңбек форумының жұмысына Қазақстан Республикасы кәсіподақтар Федерациясының, салалық кәсіподақтардың басшылары, мемлекеттік органдардың, Кәсіпкерлер палатасының, кәсіподақ, үкіметтік емес ұйымдардың, жұмыс берушілердің, жұмысшылардың және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Форум аясында еңбек ардагерлері мен еңбек озаттары Құрмет грамоталарымен, алғыс хаттармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Форум қатысушыларының назарына мерекелік концерт пен спорттық жарыстар ұйымдастырылды.

astana.gov.kz/kk/modules/material/9100
Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше