Астанада мемлекеттік тілде қызмет көрсету күні өтеді
23 қыркүйек күні сағат 10:00-де Қазақстан халқының тілдері фестивалі аясында Астана қаласының Тілдерді дамыту басқармасы «Нұр Отан» партиясының Астана қалалық филиалымен бірлесіп, «Біз мемлекеттік тілде қызмет көрсетеміз» атты акция өткізеді. Бұл туралы Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты хабарлайды. Акция сағат 10:00-де «Сапаржай-Астана» ғимаратында басталады. Акция аясында 23 қыркүйек Мемлекеттік тілде қызмет көрсету күні деп жарияланады. Қалалық мекемелерге акцияның арнайы белгісі бар футболкалар киген волонтерлар жіберіледі. Олар жұмыс барысын бақылап, қатысушыларғабелгілі бір сала бойынша сөздіктер таратады. Шара соңында Астана қаласы әкімдігінің алдындағы алаңда сағат 17.00 «Тіл тұтастығы – ел тұтастығы» атты мерекелік концерт өтеді. Мерекелік шарада Маржан Арапбаева, Досымжан Таңатаров, Құрмаш Маханов, Бауыржан Исаев, Гүлнұр Оразымбетова, Жаңабай Өтегенов және т.б. өнерпаздар тамаша әндерін ұсынады.
Сілтеме
Сілтеме
1 пікір