Медиумнің 12 досы: Девальвацияландырылғандықтарымыздан...
Ашығын айтқанда, сүйкімсіз тақырып. Сіздерге қазнет, тіпті уорлднеттегі осы термин жайлы ақпарат ағымы, жаңалық лентасы аз болып жатыр ма? Білмеймін, менде аздап аллергия бұған…
Маған жоба ұйымдастырушылары пост орнына үлкен әлдененің суретін салуға рұқсат еткен жоқ. Ал мен сұрадым, ескерттім… «Сапалы контент, жауапкершілік», бла-бла… Бірақ қалай түсінбейсіздер, мен не жазсам да, қалай жазсам да, алдыңғы идея секілді дөп, қысқа, көркем жеткізетін дүние таба алмаймын. Жарайды, мен тырысамын.
Ақша құнсызданған заманда құнсызданбайтын бір ғана нәрсе бар. Ол – адами қатынастар, достық. Миллион жолында (қазіргі құны мүлдем миллион емес, әһәһә) маған көмекке келген жамағайыным бар. ОларОушеннің Медиумнің 12 досы. Мейлі, солай дей салайық, дос ұғымы да девальвацияланған қазір.
Кейбіреуі көпәріп, көлтүкірік болғанына қарамастан, боямасыз берген жайымыз бар. Ұзақтау пікірлерді секіріп, тиіп-қашып оқимын десеңіз, өкпем жоқ. Сонымен...
Диас, бағалаушы:«Девальвация түсінігінде мен үшін, әрбір азамат үшін де солай шығар, «плюстер» мен «минустар» бар.
Плюс: отандық өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігі жайлы. «Бәсекеге қабілеттілік» принципін қолданған кезде ҚР өндірістеріндегі жұмыс орындарының сақталуын аса маңызды деп санаймын. «Патриотизмге» байланысты мемлекеттің жұмысы толығымен сәтсіз болғанын атап өтуім керек. Жалпы, «патриотизм» сөзінің астарын мемлекет қазақ тілін білу не білмеу деп қана түсінетін сияқты. Орыстілді қазақ ретінде (мынаның бәрін аударуды айтсайшы – ред.), «патриотизм» ұғымы деп отанға деген сүйіспеншілік, өз мемлекетінің құқығы мен бостандығын, отандастарының әл-ауқатын қорғауды түсінемін. Мен үшін отандық тауардан арзан болса да, парапар импорттық тауарды сатып алудың маңызы жоқ. Көбіне нарықта отандық тауарлардың болмауымен ұшырасамын. Оның үстіне, «қымбат» «неміс» автосы ешқайда жоғалған жоқ, сатылуда. Және олардың елдерінің валютасы да девальвацияланбайды. Ал біздің «отандық өндірушілер» ше? Мүмкін, олар әлсіз шығар, және біздің назар аударуымызға тұрмайтын да болар. Мына «АЭА» дегендерің, меніңше, салықтан жалтару арқылы пайда табу, бұл кімге тиімді? Әлде олардың тауарлары бәсекелестерінен гөрі әлдеқайда арзанырақ па? Жоқ, оны қалай атасаң да, «бардак».
Жалпы, мемлекет не нәрсеге не тәуелді екенін түсіндірмей, азаматтарды дұрыс ақпараттандырмайды деп санаймын. Жанармай бағасы жайлы айтсақ, мұнай арзандайды, ал жанармай қымбаттайды. Сонымен бірге қалған азық-түлікке де баға қымбаттайды. РФ-дан арзан жанармай бар, оның келуін өзіміз тежеп отырмыз. Меніңше, жанармай өндіру, оның сауда-саттығы тиімді менеджментпен көрінбеген бір компанияға тиесілі екенін айту керек. Барлық бәле осыдан. Мысалы, мұнай өндіреміз, оны сатамыз. Мұнай арзандайды, түсім азаяды. Мұнай өңдеуші зауыттар тәуелсіз болса, арзан өнім сатып алып, арзан жанармай сатар еді. Біздің жағдайымызда мұнай сатудан түсім азайып, жанармай бағасын келмей қалған түсімдердің орнын толтыру үшін көтеріп тастадық.
Минус: бір үлкен минус – менің міндетті зейнетақы аударымдарым. Мен оны бақылай алмаймын, бірақ әрқашан оны арзандағанын естимін. Зейнетке шыққанда, мен бір бума қағаз алам да оған жаңа теледидар сатып аламын. Адал азамат болып өмір сүре берсем, кедей кәріліктен қорғаным жоқ екеніән түсінемін.
Қорытынды – бақылаусыз арзандап жатқан теңге қарапайым азаматтарға тиімсіз. Салымдары арзандағасын, олар шектеулі. Білетінім біреу – мықты экономикасы бар елдер валютасын девальвацияламайды. Күткенімдей-ақ, мемлекеттің экономика саласындағы жұмысының мәнсіз болғаны. Соңғы жылдары біз мықтырақ болу үшін ештеңе жасамадық, «салмақ» жинадық, ақыры не алдық – соны алдық. Бізге мемлекеттің табысы ұлғайды, бірақ біз жалақы мен зейнетақыны қомпайтпай, мемқорды өсіреміз дегені есімде. Ақыры тиімсіз экономика мен курсты ұстап тұруға күйіп жатқан мемқорды ғана алдық.
Қысқасы, мен Отанымды жақсы көремін, бірақ мен секілді айналамдағылар жарқын болашақты көре алмай, «ждем перемен». Ал біз анабір «ашық аспан, бейбіт заманға» алғыс айтып өмір сүріп келеміз.»
Бірді айтып, бірге кетті. Тұшымды ойлары жетерлік әйтсе де. Бір анығы — көңілі қалған екен. Сосын плюстер деп бастағанынан плюс таба алмай қалған жалғыз мен бе?
Ерболат, экономист, мемлекеттік қызметкер:«Девальвация қай кезде жасалады, ең бірінші осы сұраққа жауап бергеніміз абзал. Теория бойынша, девальвация бизнесті қолдау үшін жасалады. Оның өзінде егер отандық тауар экспортқа шықса ғана.
Қысқаша түрде басынан бастап түсіндірейін. Мысалға, Қазақстан халқы 6 литр сусын тұтынады дейік. Сонда 4 литр сусынды шетелден импортталады, ал 2 литрді отандық компания өндіреді. Кеден ашық. Сәйкесінше, шетелден келетін импорт кейбір кездері 90 %-ға дейін көбейеді. Енді үкіметтің мақсаты осы импорттың санын қысқарту. Ол қалай жүзеге асу керек? Бірінші кезекте, отандық сусын өндірушіден олардың қаншалықты деңгейде өндіре алатынын білген жағдайда, кедендік квота енгізуі тиіс. Яғни, отандық компания 3 литр сусын өндіре алатын болса, импортты 3 литрге дейін қысқартуға болады. Сәйкесінше, жыл сайын қысқарта отырып, отандық өндірушінің үлесін 90 %-ға дейін өндіруге болады. Бұл өз кезегінде үкіметтің бизнесті қолдаудың бірінші кезеңі болып табылады. Біз бір нәрсені — біздің Қазақстан халқы 6 литр сусыннан артық тұтына алмайтынын жақсы білеміз. Отандық компания өнім өндіру үлесі арта бастаған кезде, артық сусынды экспорттауға тиісті болады.
Осы кезеңде отандық өндірушілер экспортқа тауар шығара бастайды. Мысалы, бұл жылы отандық өндірушілер 7 литр сусын өндіреді. Оның алтауын ішкі нарыққа, ал біреуін экспортқа шығарады.
Біздің сусын бағасы алты жүз теңге немесе бағам бойынша үш долларды құрайды. Ал шетелдік сусын екі доллар тұрады.
Сондықтан, отандық өндіруші өз сусынын шетел нарығында бір долларға сатып, бағам бойынша екі жүз теңге табыс табады. Отандық сусынның толық құны алты жүз теңге болғандықтан, арадағы төрт жүз теңгені мемлекет өтейді.
Бұны біз субсидия немесе дотация деп айтамыз. Ұлттық банкке доллар шикізаттан ғана емес, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығынан да түседі. Мемлекет отандық өндірушілерді үнемі субсидияламас үшін, әлсіз валюта бағамын енгізеді. Яғни, девальвация.
Бұл жағдайда мемлекет бір доллар алты жүз деген жаңа бағам бекітеді. Отандық өндірушілер ішкі нарыққа 6 литр, экспортқа 1 литр сусын шығарады Отандық өндіруші қалған бір тауарын шетел нарығында бір долларға сатып, жаңа бағам бойынша алты жүз теңге табыс табады. Бұл табыс тауардың толық құнын өтейді. Сөйтіп, мемлекет отандық өндірушіні субсидиялауды тоқтатады.
Айта кету керек, әлсіз валюта бағамы тек елдің ішкі өндірісі болғанда ғана жұмыс істейді. Әлсіз валюта бағамы – осы девальвация. Бұл нағыз ерекшелік, менің ойымша.»
Кәдімгідей қарапайым тілде түсіндіріп тастады. Менің түсінгенім, девальвация деген атау шартты. Үкімет девальвация жасаса, өзі бақылауында ұстап, көбейтілген теңге бағамын жоғарырақ қойып, бекітуі тиіс. Ал іс жүзінде «арик-марик-шарик» ойнаған секілді, қай тұстан шығатынын өздері білмейді. Сосын, сәл ойланып, қайтадан 144 миллион деген сияқты теңгелердің басына бір күнде су құйып, осы қалыпта ұстауға жұмсалды дейді. Қай қалыпта? Қалыпты деген қай сома өзі? Кім дәлел оның шын екеніне? 144 емес, 134 жұмсалып, 10 миллионы жай ғана қалтаға кетіп жатса ше? Жалпы, 144-і түгел қалтаға кетіп жатса ше, қара халық не түйсінеді?
Шешім қабылдай отырған бойжеткен қыз секілді біресе ұстап, біресе жіберіп отырғаны несі?
Бақыт, министр: "ҚР Үкiметi ел дамуының негiзгi макро және әлеуметтiк-экономикалық көрсеткiштерiнiң құнсыздану әсерiн бағалау жұмысын жүргізді, оның iшiнде ЖIӨ-нің өсуiн, бюджетке және әлеуметтiк көрсеткiштерге әсерiн бiз зерттеп отырмыз. Бiрiншiден, бiздiң бағалауымыз бойынша, осы 20%-дық құнсыздану ЖIӨ-нің өсуiне оң әсерiн тигiзедi. Өйткенi бiздi экспортқа жiберетiн тауар өндiрушiлердiң экспорттық түсiмдерi көбейетiн болады. Мұның әсерiнен бюджетке түсiмдер де артады.
Біз жалақыны бірнеше жылдың ішінде екі есе көтердік. Жалпы алғанда, жалақыны көтеру доллармен байланысты болмауы тиіс, еңбек өніміне сәйкес болуы керек. Азаматтардың барлық саудасы теңгемен жасалады, импорттың басым екендігі белгілі. Ал, жалпы, біз жүргізіп отырған жұмыс кәсіпорындарымыздың бәсекеге қабілеттілігінің арқасында теңдікке әкеледі.
2016 жылғы бюджеттің кірістер болжамы ағымдағы жылдың бағалауымен салыстырғанда 350,5 млрд теңгеге немесе 11,1 пайызға ұлғайтылып, 3 трлн. 2013 млрд теңге сомасында айқындалды. Кірістердің өзгеруіне бірқатар басты факторлар әсер етіп отыр. Атап айтқанда, кірістердің бір жағынан 720 млрд теңгеге ұлғаюы макроэкономикалық көрсеткіштердің өзгеруіне, бюджеттен қосылған құн салығын қайтару сомаларын азайтуға, теңгенің АҚШ долларына шаққандағы бағамының өсуіне байланысты, сонымен бірге салықтық әкімшілендіруді жақсарту есебінен қалыптасатын болады. 2017-2018 жылдары республикалық бюджетке кірістер түсімі алдыңғы жылдың деңгейіне қарағанда сәйкесінше 211 млрд және 407 млрд теңгеге ұлғаятын болады.
Доллар 300 теңгеге тең болса, қазақстандықтардың өмірі өзгереді ме? Меніңше, өзгермеуі керек. Себебі қазақстандықтардың жалақысы мен сатып алу әлеуеті экономикадағы еңбек өніміне тәуелді болуы тиіс."
Өй, ағайды тыңдай берсең, фуа-граға банан араластырып жейді екенбіз. Соның бәрі шоколад ваннасында жатып.
Жалпы, сыртқы тауарлар қымбатқа келетін болса, сыртқа кететін тауарлар да бұрынғыдан қымбатқа барып, кәмсіпкерлер ұтады дегені – қисынды. Бірақ, бұл жерде жалпы баланстың жеңіс-жеңілісі – экспортымыз көп пе, импортымыз көп пе деген сауалға тіреледі. Әрине, импортымыз көп, әйтеуір, халық тұтынатын тауарлар тұсында анық солай. Ендеше, халыққа қиынырақ, ірі кәсіпкерлерге оңайырақ. Тек соларды дәйек қылып алға тарта бергені әнеугүнгі трансляциядан да білініп еді.
Ілияс, саудагер: "Баға көтерген жоқпыз ғой. Міне тіпті Бішкектің «Салтанат» алмасына дейін өз бағасында. Тек алыс шетелден келетін банан, апельсин ғана өскені.
Қиын болғанда, бізге де қиын ғой. Келушілердің легі азайған жоқ, сол бұрынғыдай."
Физиология, жарықтық. Халық тұтынуын тұтына береді. Лектің азаймағаны қуанышты жаңалық, әрине. Отандық өнімді көтермегені де жақсы екен. Білмеймін, мүмкін, мен адамына кезікпеген шығармын.
Ләйлә, экс-әкімнің әйелі:«Соңғы девальвация және одан басқарушы кланға қандай пайда келетіні жайлы Виктор Вячеславович Храпунов журналистерге үлкен сұхбат берген болатын. Мен оның пікіріне қосыламын, ҚР үкіметінің іс-әрекетіне деген біздің көзқарасымыз биыл да өзгере қойған жоқ. Мәсімов, Келімбетовтің жұмысын сауатсыз, халықтың әл-ауқатына қарсы бағытталған деп санаймыз. Сұхбатты YouTube-тен таба аласыз.»
Әпкем-ау! Жеке жауап берді ғой өзі! Несі бар, бұл да пікір.
Әуез, экономист: «Біріншіден, жаңа ақша-несиелік саясаттың негізгі мәні – бұл экономикалық өсу мен бағаның тұрақтылығын қамтамасыз ететін балансты сақтау. Негізгі нәрсе — кез-келген мемлекеттің қуаты. Сол мемлекет қуатты болса, халықтың табысы да қуатты болады.
Енді кез-келген шешімнің әртүрлі жақтаушылары мен қостаушылары болады ғой, сондай ажиотажды бәсеңдету үшін айтайын дегенім – бұл уақытша құбылыс. Өйткені біздің өнеркәсібімізге көмегін тигізеді, отандық кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында жасалға іс-әрекет. Оның үстіне, Үкімет айтты: әлеуметтік бүкіл төлемдер қысқартылмайды, жалақы көбейеді… Қазір аймақтарда опертивті штабтар қабылданып, тұтынатын бағаларды сақтап қалу мақсатында құрылып жатыр. Солардыі іс-әрекетімен ешқандай қатты өзгеріс болмайды деп есептеймін.
Бұл – мәжбүрлі әрекет, Үкімет басшысы айтып кеткендей… Көптен жеп-пісілген әрекет, өйткені біздің көрші мемлекеттер Қытай, Ресей, өздерінің ұлттық валюталарының бағамын төмендетті. Сол бізге де үлкен әсерін тигізеді деп есептеймін, өйткені, экспортқа бағытталған кәсіпорындардың қазір үлкен валюталық айырмашылықтың негізінен өзінің саудасының төмендегені байқалады. Екінші жағынан, мемлекеттік түсімдер азайып жатыр қазір бюджетте. Оны да Президент қадап айтқан болатын. Сондықтан сол мәселелердің бәрін қамтамасыз етеді.
Ендігі мәселе – халық та, бизнес те ақшаның құнсыздануы, девальвация сияқты мәселелерді тек нарықтың өзі реттейтініне көз жеткізеді. Өйткені, бұл жерде — сұраныс пен ұсыныс, қарапайым экономикалық заңдылық. Енді экономистерде сондай бір заңдылық қалыптасты соңғы кезде: мұнай мен доллар арасындағы пропорция, тепе-теңсіздік… Доллар көтерілген жағдайда мұнайдың бағасы төмендейді, мұнай көтерілген жағдайда – доллар… Сондықтан осындай іс-әрекеттер болып тұрады, бұл – қалыпты жағдай. Бұдан ешқандай дау-дамау шығарудың қажеті жоқ, бұл үлкен серпіліс болып табылады. Кәсіпкерлер палатасы, «Атамекен» одағы да кәсіпкерлердің жылы лебізін білдіріп, алғысын айтты. Бұл дер кезінде, керек десеңіз, кешігіп жасалған іс-әрекет деп айтуға болады. Бұл үлкен пайда, себебі, сарапшылардың көпшілігі мәжбүрлі екенін айтып жатыр.»
Сұйық затқа сіңдіруге тиісті қажет дерек алдыңыз ба? Мен өзім алдым.
Әсіресе, «Бұл – мәжбүрлі әрекет, Үкімет басшысы айтып кеткендей… Көптен жеп-пісілген әрекет» деген тұстағы «жеп» деп іркілгені ұнады.
Виталий, беймәлім: «Девальвация дағдарысқа байланысты. Дағдарыс тек біздің елде емес, жалпы әлемде, көп елдерде болып жатыр. Оның бәрі бірақ бір адамдар тобының көңіл-күйіне тіреліп тұр. Сол — ең өкініштісі. Сенің өмірің де, оны өзің білмеуің мүмкін, сол кісілердің қолында.
Масон дейсің бе, жаңа әлемдік тәртіп дейсің бе, бүкіл экономикалық дүмпу-сілкулерді бір бөлмеде отырып алып кеңесетін адамдар шешеді. Кімдер, қайда екенін айта алмаймын, мені жоқ етіп жіберуі мүмкін. Қазақтар – басымдықтардың ішінде жоқсыңдар, негізі. Бірақ үміттеніңдер.»
Комментарий күтпеңіз.
Айлан, жұмыссыз, 4 жаста:
«Жоқ. Иә. Иә.»
Девальвация дегеннің не екенін білесің бе? Өмір сүру қиындай түсті ме? Әке-шешең бұрынғыдай тәтті бермейтін болды ма? Респонденттің осындай сұрақтарға берген жауабы. Баланың тілімен ақиқат сөйлейді дейді көршім орыс.
Тимур, программист, блогер: «Ренжімеңіз. Біріншіден, мен өзім қаламайтын тақырыпта пікір айтпаймын. Екіншіден, қатты білмейтін тақырыбым. Сөйлейтін тақырыбым бар, сөйлемейтін тақырыбым бар.»
Ләйлә емес, бірақ бұл да жарай береді ғой былай. Жауабы – іргелі. Респонденттің кризиске арты ашығаны сондай, тіпті сөйлегісі келмей тұрғанын сезесіз бе? «Не? Тіпті білгім де келмейді!» деген қағида, «Қаламайтын...». Осынау сөзде қанша жиіркеніш пен жеріну, таңырқау мен түңілу тұрғанын монитордың оң жақ төменгі бұрышындағы шағын төртбұрыштан-ақ сезіне алдым.
Бірақ, бұл досым қаласа, өз позициясын әлде де кеңірек түсіндіре алар еді. Атауды «Медиумның 12 досы» деп қойғаныммен… Осы досым сатып кететін сияқты.
Салтанат, студент: «Девальвация деген сөзді алғаш естігенде ата-анаммен бірге дүкенге азық-түлікті 3 жыл алға жылжып, үйіп-төгіп алғанбыз. Дегенмен, қандай қызық реакциялар болмаса да, теңгенің өз күшін жойып жатқанына отбасымызбен бірге салымыз суға кетті.
Маған жеке қатты әсер етті деп айтпаймын, себебі ол кезде оқушы едім, ақша ұстау деген жоқ еді. Қазір студентпін, өте қиын. Қалаған затыңды алмайсың, себебі ата-анаңнан ақша сұрауға ұят. Елордада оқып-тұру өте қымбат. Ұйықтап қалған кезінде таксиге 500 теңгенді қимай-қимай бересің, себебі ол бір күндік асың еді. Мемлекеттің валюталық интервенцияны қолға алғаны жақсы, бірақ ұзаққа бармас-ау...»
Неткен сөз саптау, құдай-ау! Осындай студенттер өсіп келе жатқанына қуанамын. Ах, иә, пікір жайлы. Көрдіңіздер, көк аспаннан көлденең комета келе жатса да, бүйірімен бірінші сезетін қауым бұл – студенттер. Сөзіне сенемін.
Исламбек, магистрант: «Девальвация — ол менім түсінігімде теңгеміздің ақша айналымында басқа валюталарға қарағанда өз құнын жоғалтуы. Жеке өмірімде елімізде өткен девальвациялар ауқымды әсер еткен жоқ, тек халық тұтынатын тауарлардың өскені ғана болмаса. Мысалға, киім, химиялық заттар сырттан тасимыз деп өсірген, кейбіреуі шет елден деп өз тауарларына баға қосқан. Ал басқа валютаны қомақты көлемде сақтап немесе жұмсап көрмегендіктен, өткізілген девальвацияларды керек іс-шаралар ретінде оң көзқараспен қараймын.»
Бүйтіп оң қарай берсе, құмнан мүлдем шыға алмай қалатын сияқты ғой. Мемлекетке сенетін типтік тұлға. «Халық тұтынатын тауарлар өскені болмаса...» Одан бөлек қалай әсер етуі керек, қарғам-ау! Бүйірің ісіп, озон қабаты қалыңдамайтын шығар енді…
Ярослав, бомж: «Маған қатты әсер ете қойған жоқ. Бұрынғыдай бәрі. Адамдар… Бұрын қалай жмот болса, әлі солай. Баға көтерілген дейді? Білмеймін. Естідім, көбі ренжулі. Ал менікі орнында. Құясың ба, соны айтшы.»
Экономикалық түрткіні сезбеу үшін не тым биікте, не тым тереңде отыру керек екені рас. Арзан арақтың, нан мен балықтың бағасы өспепті. Аллилуйя!
Жарайды, болар іс болды. Бояуы сіңген жоқ, расы. Дегенмен, аза тұтып, Үкіметті нәжіске малып отырғаннан да пайда жоқ. Бір ауыз, девальвацияға ұшырауымыздың себебі неде және қайтпек керек?
Соңғы 1-2 жыл ішінде өз валютасын ТМД елдерінің біразы құлатты. Еуропалық банк жүйесінің Quantitative easing «сандық жұмсартуы» салдарынан еуроның да долларға шаққандағы құны әлсіреді. Қазақстанның ең ірі көршілері Р мен Қ рецессия мен тоқырауда. Бұл әсер етпей қоймайды.
Ал доллар болса күшеюде, АҚШ экономикасы – мық шеге, инвестициялар көп, дамушы нарықтарда капитал тапшылығы. Мұнай бағасы 50 $-дан тұрақты төмен, сәйкесінше газ құны да аз. Кен өндірісі саласы да арзандады. Оның үстіне, соңғы жылдары жалақы өсімі еңбек өнімділігін басып озды. Яғни, біз жылдан жылға халықаралық нарықта сатып алу мүмкіндігіміз ұлғайып, сату – ұсыну мүмкіндігіміз төмендей берді. Оны үстіне, алатынымыз – күрделі құрылымды техника, бағдарламалар, несие, саяхат. Ал сататынымыз – арзандап жатқан шикізат. Барлық елдер мұндай жағдайда валютасын әлсіретеді, ал біз созбақтап жүріп алдық.
Ок, ары қарай ескі курсты ұстай берсек не болар еді?
Қорды жеп бітіру: нарықтағы құн Ұлттық Банктің қордағы қаражаттан алып, нақты бағаға доллар ұсынуы арқылы ғана тұрған болатын. Қорды тауысу – толтырудан қиын.
Жұмысбастылықтың төмендеуі: металлургтер мен мұнайшылар баға төмендегесін азырақ пайда табады. Жалақы төлей алу үшін не ұжымның біразымен қоштасу керек, не экспортан түсетін валютаның әр бірлігі үшін көбірек теңге алуы қажет. Екіншісін таңдадық.
Орта және кіші бизнестің құлдырауы: жергілікті кәсіпорындар рубльдің төмен курсы мен ресейлік өндірушілердің бағалық бәсекелстігіне дес бере алмай қалып жатты.
Бюджеттің орындалмауы: Салықтық түсімдер төмендейді, сәйкесінше, ескі курспен жалақы, зейнетақы және шәкіртақылар секілді әлеуметтік міндеткерлікті орындамай қалу қаупі бар.
Ал арғы жағада – валюталық қарызгерлер мен теңгелік депозитерлер. Олар да да жазық жоқ, бірақ… Теңгенің курсының оңған кезі болмаған өзі. 1993 жылы еніп, бірден төмендеді, сосын 1995, 1999, 2000 жылдардың басы, 2009, 2014. Билік бірнеше рет «намек»тастады: валюталық ипотекамен абай болыңдар, ТҮЖБ арқылы алыңдар алатындарыңды,-деп. Ауыстырып алуға ешкім кедергі болған жоқ, келесі жолы ақылдырақ болуға тура келеді.
Енді, ашығын айтқанда, оларда да тңдау жоқ: бір жағында – өнеркәсіптегі мыңдаған жұмыс орындары, кіші және орташа компаниялар, Ұлттық қор. Екінші жағынан бірнеше мың тәуекелді түйсінетін валюталық несие иелері.
Баға, әрине, сыртқы нарықтағы тауар мен қызметтер үшін өседі. Түркияға жолдама, Айфон, Лексус, дәрі-дәрмек, ноутбук – мұның бәрі доллармен сол күйніде қалады, ал теңгемен… Жеңілдетуші фактор – кедендік кедергіні азайтатын ДСҰ-ға кіруіміз, былтырғы Ресейден жаппай сатып алуымыздан кейінгі төмен сұраныс.
Ал халық тұтынатын тауарға баға әсіре өспеуі тиіс. Қазақстанның өзі ішіндегі тауарлар қыңқ демеуі керек. Өссе, жасанды дүние, Үкімет пен оның төменгі құрылымдарының айыбы. Оған қоса, Ресей долларды 31-ден 66-ға дейін, яки 100 %-дан аса өзгертті емес пе? Сөйте тұра, ол жақта инфляция 20 %-дан аса жиналған жоқ, яғни әлі күн ресейлік жаппай тұтыну тауарлары қазақстандықтан арзандау, сондықтан еуропалық баламаларына қатты өсуге мүмкіндік бере қоймас.
Не істейміз? Еңбек өнімділігін арттыру және отандық өндірісті нығайту. Сол кезде көп дүние шығарып, көп дүние сатып, көп валюта тауып, сыртқа аз береміз. Сонда курсқа тәуелділік азырақ болады. Қарапайым бәрі.
Үкіметтің кінәсі қанша? Көп емес. Жалпы менеджмент тиімсіздігі мен шешімдердің орынсыздығы жоқ емес, әрине. Бірақ, шын мәнінде, бұл дағдарыс – бұрынғы дағдарыстан өзгерек емес. Әлемдік процесс.
Алайда, оларға (Үкіметке) көп нәрсе тәуелді. Бар болғаны сауатты жүздік мемлекеттік қызметкер бәрін өзгерте алады. Даудың басы – санада. Ділде.
Бизнестің дамуына мүмкіндік беру қажет. Жасалып жатқан нәрсе де бар, бірақ «үйтік-бүйттік, қойдың басын үйттік...». Бизнесті тексерістер, пара сұрау, бюрократия, соттау, үрктіу, тартып алу арқылы қысып ұстауды доғарыңыздар. Бизнесмендер сіздерден табысты екенін мойындай алып, оларға әмір жүргізуге ұмтылмай, Президент қабағын түйгенде ғана, жаман ефрейтордай тік тұрып, дірілдеп, кейін қайта бастау дегенді қойыңыздар. «Басшылық кетеді, ал саған бізбен, әкімиятпен әлі қатар өмір сүру керек, шырағым». Қолдаңыздар, ынталандырыңдар, үркітпеңіздер бизнесті.
Сыбайлас жемқорлықты жою керек. Уф, неткен тізесі шыққан баналдылық. Бірақ басқа не айтайын? Өзің үлгі болып, адал жіәне көп жұмыс жасау керек екенін көрсет. Ұрыны ұстауға арланба, «шешіп» тастауға жол берме. Барлық процедураны тұнық ет, адам факторын азайт, соттарды фарсқа айналдырма. Жоғары жалақы алуыңды ешкім күндемейді сонда.
«Өз адамдарын» жоғарыға тартуды қысқарту керек. Ыңғайлы креслодағы 25 жасар арамтамақ туысың тиімділігі жоғары, адал қызметкерлердің ынтасын өлтіреді, епті (тура мағынасында). Олар жүйенің құрбанына айналады, біраз уақыттан кейн тиімді, адалдар мүлдем қалмайды. Ештеңені жасырын джасай алып жатқан жоқсың бәрін, бәрін бәрі көріп отыр. Дүниені тіреп тұрғандай ойлама, өзің де адал, тынбай еңбек ет. Қарапайым азаматтарды құрметте. Меритократия – шешім.
Қоғамдық бақылауға мүмкіндік беру керек. Еркін БАҚ, Үкіметтік емес ұйымдар, тәуелсіз сарапшылар. Талқылауға, ұсыныс жасауға мүмкіндік бер. Жасыру мен қысымсыз, қудалау мен өтіріксіз ашық қолжетімділік. Шенеунік бүлдірді ме – БАҚ-тың талауын тастаңыздар. Идеологиялық және технологиялық құралдарды өз халқыңа қарс пайдаланба. Телібеков пен Тайшыбеков секілді сайқымазақтардың жұмысын белсендіріп, шоқ тастату да әлжелідегі саналы-шамалы жамағайынның көңілін басқа арнаға бұрып, өзге мәнсіздікте мыжытқызу екенін түсінбейді дейсіз бе?
Мұның бәрі – дағдарыстың тікелей шешімі емес. Бірақ адамдарға әлеуметтік әділдік сезімін сезінуге мүмкіндік береді. Жұрттың өзі жақсырақ жұмыс жасауға кіріседі, бизнесін дамытып, өнімді бола бастайды.
Девальвация – мәселе болмай қалады, сеніңіздер.
20 Үкімет мүшесі, 80 орынбасары, 16 әкім мен 48 олардың орынбасары, 60 прокурор, 50 ҰҚК офицері, 60 мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік қызметкері, 50 сот. Қатты көп емес, иә? Осылар бәріне бас бола алады. 100 пайыз адалдықпен және ынтамен жұмыс жасаса жеткілікті.
Диастың қапалану себебі де — осының бәрінің болмауында.
Ерболаттың түсіндірген экономикалық өндіріс схемасы да саяды.
Бақыт та осыны қысқаша айтты.
Ілияс та жеміс-жидегінің бағасын өзгерту ретінде мысал қылды.
Ләйлә апайдың менеджментке ашынғаны да қамтылды.
Әуездің ақтап алған жағы да ақиқат.
Виталийдің пікірінен қорықтым да қойдым, бірақ қорытындыламадым.
Айландікінен артық кім айта алды алайда?
Тимурдің өкпесі сондай, тіпті сөйлегісі келмейді.
Салтанат — қарапайым студент ретінде саяси және экономикалық жүйенің кемшілігінің құрбаны болып отыр.
Исламбек Үкіметке қолдау білдірді, бірақ бәрібір тауардың бағасы өскенін айтты.
Ярослав өзі емес, елдің қапалы екенін хабарлады.
Бұдан артық не керек? Тақырыпты жақтырмасам да, достарымның көмегімен өзімнің толғауым арқылы мазмұнын ашып, мәнін түсіндіре алдым ба?
Иә? Тамаша, қуаныштымын.
Жоқ? Айттым ғой, алдыңғы идея жақсы еді деп.
Маған жоба ұйымдастырушылары пост орнына үлкен әлдененің суретін салуға рұқсат еткен жоқ. Ал мен сұрадым, ескерттім… «Сапалы контент, жауапкершілік», бла-бла… Бірақ қалай түсінбейсіздер, мен не жазсам да, қалай жазсам да, алдыңғы идея секілді дөп, қысқа, көркем жеткізетін дүние таба алмаймын. Жарайды, мен тырысамын.
Ақша құнсызданған заманда құнсызданбайтын бір ғана нәрсе бар. Ол – адами қатынастар, достық. Миллион жолында (қазіргі құны мүлдем миллион емес, әһәһә) маған көмекке келген жамағайыным бар. Олар

*lol*
ал жалпы пост супер. мазмұны да, идеясы да, орындалуы да