Қала әкімі базарларды ретке келтіруді тапсырды
Елорда әкімдігінде өткен кезекті аппарат отырысы барысында қалалық сенбіліктің қорытындылары шығарылып, қаланың санитарлық жағдайы талқыланды. Сенбілікке алғаш рет 100 мыңға жуық адам қатысты. Елорда әкімі тұрмыстық қалдықтарды пайдаға асыруды жақсартуды, мегаполистердің озық халықаралық тәжірибесін зерттеуді және пайдалануды тапсырды, деп хабарлады Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
– Астана қаласы үшін ең маңызды мәселелердің бірі – шағын және орта бизнесті дамыту. Оны дамыту бойынша жауапкершілік күшейтілуде, келешегі бар жобалар жетерлік, бірақ нәтиже ойдағыдай емес. Бұған алдымен бюрократиялық кедергілер көп. Мысалы, өзіне тиесілі жер телімінде сауданы жолға қою үшін кәсіпкерлер түрлі процедуралардан өтуге көп уақытын жұмсайды. Мемлекеттік құрылымдар кәсіпкерлерге көп тосқауыл қоюдан жарысқа түсетін секілді, — деді Әділбек Жақсыбеков.
Елорда әкімі демалыс күндері қалалық базарларды, атап айтқанда, «Шанхай», «Алаша» базарларын аралап, инфрақұрылымды ретке келтіруді нұсқады.
Саудагерлер мен тұтынушыларға күннен күнге базарға жету қиынға соғуда. Қала басшысы аз уақыттың ішінде қоғамдық көліктердің бағыттарын оңтайландыруды, сондай-ақ, «Шанхай» базары аумағында қалааралық бағытта қатынайтын автобус бекетін салу үшін инвестор тартуды тапсырды.
Пікір жоқ әзірше