Астанада Bala Turkvizyon байқауының ақтық сыны өтуде

Астана жаңалықтары: Астанада Bala Turkvizyon байқауының ақтық сыны өтудеБүгін талантты жас дарын иелері бас қосқан Bala Turkvizyon байқауының жеңімпазы анықталады. Жартылай финалда көрермендердің дауыс беруімен қазылар алқасының ортақ шешімі арқылы 8 өнерпаз ақтық сынға жолдама алған болатын.

Шара бір сағат бұрын басталып кетті. Жас өрендер байқауы елорданың Бейбітшілік және келісім сарайында өтіп жатыр. Балалар барын салып бағуда. Өнерлі өрендер жанды дауыста ән салып жатыр. Бүлдіршіндер тек ән салмайды. Түрлі сахналық қойылымдар қойып, бишілермен бірге өз өнерлерін ортаға салып жатыр. Отандық эстрада жұлдыздары тәлімгер ретінде жас дарын иелерін ақтық сынға қызу дайындаған болатын. Айта кетейік, бағалау тәртібі бойынша тәлімгер өз шәкіртіне дауыс бере алмайды. Талапкерлерге қойылатын ең жоғарғы ұпай 10 балл. Байқау жеңімпазы желтоқсан айында Түркияда өтетін Bala Turkvizyon сайысында еліміздің намысын қорғайды. Түркі тілдес халықтар арасында алғаш рет ұйымдастырылып отырған шараға 20-ға жуық мемлекет қатысуға ниет білдірген. Санаулы минутттардан кейін ел намысын қорғайтын дарынның есімі белгілі болады. Байқау барысын біздің телеарна ұжымы да ұдайы назарда ұстайды.

сілтеме
Бөлісу:

1 пікір