Астанада Жамбыл, Атырау және Батыс Қазақстан облыстары қатысуымен ауыл шаруашылық жәрмеңкесі өтуде
Таңертеңнен бері «Мега» СОО алдындағы алаңда Жамбыл, Атырау және Батыс Қазақстан облыстары тауар өндірушілерінің қатысуымен ауыл шаруашылық жәрмеңкесі өтіп жатыр. Апта сайынғы ауыл шаруашылық жәрмеңкесінде тауар өндірушілер 850 тоннаға жуық өнім ұсынуда. Елорда тұрғындары мен қонақтары ет, сүт өнімдерін, көкөніс, сондай-ақ балықты нарықтық бағадан 15-20% арзан сатып ала алды.
Бақтықожа Ізмұхамбетов, Атырау облысының әкімі:
Бақтықожа Ізмұхамбетов, Атырау облысының әкімі:
— Қалыптасқан дәстүр бойынша күзгі көкөністі, сүт өнімдерін, ет өнімдерін, балық өнімдерін Астана қаласының жәрмеңкесіне әкеліп тұрмыз. Бұл жолы біз 48 тонна балық, 10,5 тонна ет, 80 тонна көкөніс, 100 мың жұмыртқа және т.б. көптеген тағам өнімдерін алып келдік. Әсіресе, ерекше атап өтетінім, сүт және сүт өнімдерін мол алып келдік. Оның ішінде Қазақстанда алғаш рет шыға бастаған ешкі сүт өнімдерін, оның ішінде ірімшік, брынза, қаймақ, және т.б. бұрын жәрмеңкеге түспеген тағадарды алып келіп жатырмыз. Сұраныс өте күшті, халық риза, ауа-райы да жақсы болып тұр. Айта кетейін, тамақтың бағасы едәуір төмен.Батыс Қазақстан облысының әкімі Нұрлан Ноғаев:
— Астана қаласында ұйымдастырылған ауыл шаруашылық жәрмеңкесіне Батыс Қазақстан облысынан 7 тонна балық және балық өнімдері, 17 тонна ет және ет өнімдерін, жеміс-көкөніс әкелінді. Шара дәстүрлі түрде жалғасып келе жатыр.Сондай-ақ жәрмеңкеде Атырау және Батыс Қазақстан облысының шығармашылық ұжымдарының қатысуымен концерттік бағдарлама ұсынылды.
Пікір жоқ әзірше