Астанада 2016 жылдан бастап жылу тарифтері қымбаттайды ма?


Ал Астанада келер жылдан бастап жылу бағасы көтерілуі мүмкін. Жылу энергиясы өндірісі бойынша қызмет ұсынатын «Астана-Энергия» тиісті ұсыныспен әкімдікке шыққан. Қазір құзырлы орган жауабын күтіп отыр. Бұл туралы «Астана-Энергия» АҚ төрағасы Мақсат Ерденбеков біздің арнаның тілшілеріне хабарлады.

«Қазір бір гигакалорияның құны — 1 238 теңге. Ал өзіндік құны 1 535 теңгеніні құрайды екен. Өзіндік құн мен босату құнының айырмашылығынан шығынға белшеден батып отырмыз», — дейді компания өкілдері. Сөйтіп, олар бір гигакалорияның босату бағасын 1484 теңгеге дейін көтеруді сұрап отыр. Сонда әр шаршы метрі үшін есептелетін жылудың тарифі аспандап шығайын деп тұр. Бірақ тұтынушыларға жететен соңғы тарифтің қандай бағамен келетіні әзірге айтылмады.

Мақсат Ерденбеков, «Астана — Энергия» АҚ төрағасы:

2015 жылға біз 2 млрд 200 млн теңге шығын күтіп отырмыз. Тарифті 1484 көтерсек, біз 2 миллиардтан 800 млн теңге ғана шығында боламыз.

«Астана-Энергия» басшылығы босату құнын көтерудің себебін әдеттегідей көмірдің қымбаттығымен түсіндіреді. Айтуларынша, Екібастұздан келетін көмірдің бағасы жыл сайын 10-12 пайызға қымбаттап отыр. Мұнымен қоса, темір жол да тарифін 20-30 пайызға көтеретінін айтып шағымданды. «Ал жылудың босату құнын өзгертсек, жағдайымыз жақсарып қалады», — дейді акционерлік қоғам басшылығы. Сонда жылдық шығындары да қысқармақ екен.

Айгүл ӘДЕПБАЙ

cілтеме
Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше