Астанада жас мамандарға арналған жұмыс жәрмеңкесіне мыңнан астам адам қатысты
Елордада жоғары оқу орындарын бітірген және жұмыссыз жүрген жастар арасында бос жұмыс орындар жәрмеңкесі аяқталды. Астана қаласы Жастар саясаты мәселері мен Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларының қолдауымен «Жастар» сарайында бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті. Шараға 1000 жуық адам қатысты.
Аталмыш шара жастар арасында жұмыссыздықты азайтуға септігін тигізеді. Жұмыс берушілер 4 сағат бойы 200-ден астам бос жұмыс орнын ұсынды. Шараға «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі», «Golden Rill Trade» ЖШС, «Арыстан құбыр зауыты», «Қазақстан» ОКЗ, «2Day Telecom» ЖШС және т.б 50 астам компания қатысты.
Бос орындар жәрмеңкесі жастар арасында еңбек нарығында ерекше сұранысқа ие мамандықтар туралы толық ақпарат бере алады.
astana.gov.kz
1 пікір