Жалпы қалалық сенбілікте 6,5 мың ағаш отырғызылмақ
19 қыркүйекте елордада 2015 жылғы 7 қыркүйек — 7 қазан аралығында «Біз таза қала үшін!» экологиялық айлығы өтеді. Астана қаласы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының мәліметінше, экологиялық айлық аясында қалалық және республикалық мекемелердің қатысуымен ағаш отырғызу жоспарланып отыр.
Биыл 3,5 мыңға жуық көшет егіледі.
— «Алматы» ауданында – 1 150 көшет: оның шінде №46 көшеде 750 (Тәуелсіздік даңғылынан Сәтбаев көшесіне дейін), Байтұрсынов көшесінде 400 (Тәуелсіздік даңғылынан Сарыкөл көшесіне дейін);
— «Есіл» ауданында – 1 500 көшет Орынбор көшесінде (Хусейн бен Талал көшесінен Қабанбай батыр даңғылына дейін);
— «Сарыарқа» ауданында — 652 көшет: 500-і Н. Тілендиев к-сі, 122-сі Бабатайұлы көшесінде, «Көктал-1» ауылындағы «Қарттар үйі» маңында 30 тал отырғызылады.
— Сондай-ақ мектептер, балалар бақшасы және медициналық мекемелерге 3200 көшет, оның ішінде «Алматы» ауданында – 2000 көшет, «Есіл» ауданында – 1000 көшет, «Сарыарқа» ауданында – 200 көшет отырғызу жоспарланып отыр. 19 қыркүйекте шамамен 6,5 мың ағаш егіледі.
Экологиялық айлық аясында Астанада қала аумағын санитарлық тазарту, көшелер, тротуарлар мен аудан аулаларын ретке келтіру, Есіл өзені арналарын, Ақбұлақ пен Сарыбұлақты қалдықтардан аршу, арықтардағы кәріз жүйесін тазалау көзделген.
astana.gov.kz
Пікір жоқ әзірше