Астанада Қазақ хандығының 550 жылдығына орай ғылыми конференция өтті

Астана жаңалықтары: Астанада Қазақ хандығының 550 жылдығына орай ғылыми конференция өтті

Астанадағы ҚР Ұлттық мұражайында Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл толуына орайластырылған ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Шараға елімізге белгілі қоғам қайраткерлері, халық қалаулылары, тарихшылар мен ғалымдар қатысты.

Конференцияның ашылу салтанатында сөз алған Астана қаласы әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев жиналған қауымды атаулы мерекемен шын жүректен құттықтады.

Ермек Аманшаев, Астана қаласы әкімінің орынбасары:

— Қазақ хандығының мерейтойын тойлау елдігіміз бен бірлігіміздің одан әрі нығаюына септік жасайды. Қазақ хандығы Орта Азиядағы ең алғашқы болып құрылған спецификалық мемлекет.

Конференцияның басты мақсаты — өскелең ұрпақтың рухани тәрбиесіне көңіл бөлу, ұлы даланың ұлағатты тарихын дәріптеу болып табылады. Шара аясында осы тақырыпты толық қамтыған ірі баяндамалар мен кең зерттеулер оқылды.

astana.gov.kz
Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше