Астана әкімдігінде суицидті алдын алу мәселелері талқыланды
Астана қаласының әкімдігінде әкімнің орынбасары Е. Аманшаевтың жетекшілігімен бүкіл әлемдегі маңызды проблемалардың бірі болып табылатын суицид мәселелері бойынша Астана қаласы әкімдігінің жанындағы денсаулық сақтау жөніндегі Үйлестіру кеңесінің кезекті отырысы өтті.
Суицид бойынша жалпы әлемдік көрсеткіш 100 мың халыққа 16 жағдайды құрайды және бүкіл әлемде суицид жетекші өлім себептерінен оныншы орында тұр, ал жас санаты бойынша 15-тен 44 жас аралығын құрайды – бұл жетекші үш өлімнің бір себебі болып табылады.
Халықаралық статистиканы зерттеу бойынша жүргізілген талдаудан ең төмен көрсеткіш мұсылман елдерінде (БАӘ, Әзірбайжан, Мысыр, Араб елдері мен Сирияда – 100 мың халыққа кемінде 6,5 жағдай) байқалады. Бұл діндар адамдарда тұрақты діни сенімдері жоқ адамдарға қарағанда суицид әрекеттеріне деген қауіп әлдеқайда төмен екендігімен байланысты.
Отырыс барысында халықтың осал тобы мен себептері анықталды, діни конфессияны қосқанда мемлекеттік және жеке құрылымның көптеген қоғам секторларын үйлестіретін және ынтымақтастықты талап ететін өз-өзіне қол жұмсауды ескерту бойынша жолдар талқыланды.
Діни бірлестіктердің өкілдері суицидке қатысты қоғам пікірімен ортақ, өйткені барлық әлем діндерінде өз-өзіне қол жұмсау жасалатын күнәнің ең ауыры болып табылады және тыйым салынған, бұл туралы Успендік кафедралды шіркеудің дін қызметшісі проторий Дмитрий мен наиб имамы Сәлімов Асхат айтып өтті.
Отырыстың қорытындысы бойынша халықтың осал топтарын анықтау, журналисттер үшін суицид мәселелерін дұрыс жариялау қағидалары бойынша тренинг жүргізу, интернет-ресурстарға блок қою бойынша құқықтық өрісін қарастыру, суицидті алдын алу бойынша баспа өнімдерін басып шығару және БАҚ пен қоғамдық орындарда әлеуметтік бейнероликтер мен жарнамаларды көрсетуге бағытталған негізгі басым бағыттары анықталды.
astana.gov.kz
Пікір жоқ әзірше