БАҒА БАҚЫЛАУДА!

Доллардың айы оңынан туып, бағасы шарықтау шегіне жетті. RBK сынды банктердің доллар бағасын 255 теңгеге дейін көтеріп жібергені белгілі. Доллардың қымбаттауы халық тұтынатын тауарлардыңда қымбаттауына əкелуде.Бұл қымбатшылықтың экспорттаушы бизнес өкілдері үшін тиімді болғаны мен қарапайым халыққа əзірге тиімді болмай тұр. Қазіргі таңда доллар бағасының тұрақталғанын естудеміз. Соған қарамастан сауда орталықтарында бағаның көтерілгені байқалады. Бүгінде нарықтағы бағаны тұрақты ұстап тұру шамалы қиындық туғызып тұрғаны рас. Бірақ-та соған қарамастан қала, аудан, ауыл əкімдері бағаны бақылауда ұстауға тырысуда. Осы тұрғыда Түлкібас ауданының орталығы болып есептелетін Тұрар Рысқұлов ауылының орталық базарында бақылау шаралары жүрген болатын. Бақылауды тікелей аудан əкімі Қайрат Əбдуəлиев мырза жүргізді. Бақылау барысында бағаны көтерген саудагерлерге ескертулер жасалды. «Алдағы уақытта халық тұтынатын азық-түлік тауарларының бағасы бақылауда болмақ» — деді Қ.Əбдуəлиев мырза. Осы сынды шаралар аудан көлемінде өткізілуде. Əзірге «баға бақылауда», алдағы уақытта да осылай жалғаспақ деп білеміз.

#БалнұрҮпібек
Бөлісу:

3 пікір

SSSS
Бағаның шарықтауына ең алдымен биліктегілер кінәлі, сол себепті олар өздерінен жауапкершілікті алып тастау үшін халыққа жау тауып беріп, барлығына мына спекулянт кәсіпкерлер кінәлі деп, сөйтіп халық мұңын ойлаған болып, өздерінше әлі келетін кішігірім кәсіпкерлерге тиседі, сөйтіп халықты бір-біріне айдап салып ақымақ қылып отыр. Сөйтіп бейшара халық өзімен-өзі бір-бірімен сүйекке таласқан итше ырылдасуда.
Біріншіден кәсіпкер қалай тауарын қымбаттатпайды, егер оған оптовиктер тауарды қымбатылған бағамен әкелсе, ал оптовиктерде бағаны қымбаттатуға мәжбүр, себебі барлық тауар шетелден әкелінеді, мысалға Қытайдан, ал Қытайдан сол тауарды олар қандай ақшаға сатып алады, теңгеге ма?, жоқ долларға сатып алады, сондықтан қымбат долларға сатып алынған тауарда Қазақстанға келгенде бағасы қымбат болып келеді. Осы жазғаным да жетеді, ақылы бар адам болса түсінеді деп ойлаймын.

Ия, сонымен халық жауы кішігірім кәсіпкерлер болды ма. Биліктегілер өзінен
bake
ақылы бар
не шықсада ақылдан шығады жақсылықта, жамандықта. Соны ескеріп оқысам пікірін орынды көрінді
bake
қарапайым халыққа
тағыда сол сияқты
ертеңгі күні
жазғанды оқып және айтқанды естігенде сескенетіндей жағдайға жеткізді…