Әлдебір сәрсенбі
«I'm friends with the monster that's under my bed». Телефонымдағы Риана баж ете қалды. Көзімді ашып, айналама қарадым. Шүкір, үйде ояныппын. Төсегімнің қасында екі пар шұлық жатыр. Демек бүгін сәрсенбі. Шұлықты ауыстырып алайын, киім өтектеп жатуға уақыт жоқ. Жұмысқа осылай бара салармын.
Сәрсенбі нағыз жұмыс істейтін күн. Солай енді. Дүйсенбі демалыстан кейінгі апатия, сейсенбі жұмысқа дайындық, сәрсенбі, о сұмдық, жұмыс, бейсенбі жұмыстан демалу, жұма демалысқа дайындалу. Тәәәк, сәрсенбі деген күннің барын да ұмыту керек-ау деймін.
Сәрсенбі сәтті күн дейді халық,
Бейсенбі мен жұма да соған лайық.
Қазақша киім киіп, осы үш күн,
Салтымызды ұмытпай біз сақтадық.
Сәрсенбіні бала күннен бері жақсы көрмейді екем ғой. Мектепте біздің сынып, осылай ұрандатып, қазақша киінетін. Үш күн қатарынан пысынап, қамзол-шапанға тұншығып жүргенің. Осы «Сәтті сәрсенбі» деген қайдан шыққан сөз?.. Жұмысты келесі сәрсенбіде де істеуге болады ғой, иә…
Сәтті күн. Қайдам. Көрші Елеместің күйеу баласы сәрсенбі күні суға бір сүңгіді де, үш күннен соң төменгі ауылдың қасынан бір-ақ шықты. Кім білген бірақ. Сәтсіз сәйкестік шығар.
Ғаламтор дым демейді. Демегенде, дейді ғой. Бірінің дегенін* бірі дей** береді екен де тек. Қазаққа дауа жоқ. Сейсенбіден басқа күннің бәрін қасиетті*** қылып қойыпты. Түнгі он екіде сұрқия сейсенбіні, сәтті сәрсенбі келіп өлтіреді. Сөйтіп, қалған күндер қазақ үшін қызмет етіп, тату-тәтті өмір сүріпті.
Орыстар керісінше сәрсенбіден қорқады екен. Бұл күні іс бастауға болмайтын көрінеді. Сонда, қазақтарға сәрсенбі сәтті, орысқа сәтсіз болса, келесі сәрсенбі аққұлақ көршіме қатысты соғыс бастайын. Сонда жеңіске жететінім анық.
Кейбіреулер үшін сәрсенбі төртінші күн көрінеді. Португал тілінен аударғанда «quarta-feira» төртінші күн екен. Парсы, грек, араб, еврей, армян, грузиндерің де осы қатарда екен ғой. Бәріне сәрсенбі төртінші күн. Сонда жексенбі бірінші күн бе? Көшіп кетсем бе екен?
Католиктер әр сәрсенбі сайын шағын ораза ұстауға мәжбүр. Бірақ қайбір ұстап жатыр дейсің. Әйтпесе талай селфи көрер едік қой.
Мәссаған, Сәрсенбі ағайды қалай ұмыттым? Қызық, мына отырғандар Сәрсенбі Дәуітовтың кім екенін біледі ме екен? Қайдам, ол «Камана клэт» емес қой.
Wednesday. Айтпақшы, Шеффилд Уенсдей (Сәрсенбі). Осы аптада Лидспен ойнайды екен. Кэф П2 3,20. Сәрсенбі сәтті күні дейді халық, қойып жіберейін. Бұл да Елеместің күйеу баласы сияқты үш күннен кейін қалқып шығар.
«Nothing here to fear, I’m just sitting around». Мынау бір жақсы ән екен. Сәрсенбінің таңында Риананың айқайынан емес, Тори Эймостың маужыраған үнінен оянған жақсы болатын шығар. Бұл сәрсенбі де әрең бітті-ау. Қой, үйге қайтайын…
* massaget.kz/layfstayl/zhadnama/20110/
** baq.kz/kk/regional_media/post/61142
*** kk.wikipedia.org/wiki/%D0%9A%D0%B8%D0%B5%D0%BB%D1%96_%D0%BA%D2%AF%D0%BD%D0%B4%D0%B5%D1%80
Айтпақшы, осы аптаның сәрсенбісі «сәтті» жаңалықпен басталған болатын $
— деп, бүкіл бір қауымды араластыра сөйлегенді қою керек. Әсіресе, журналистерге!
Тебя просил я быть на свиданье,
Мечтал о встрече, как всегда.
Ты улыбнулась, слегка смутившись,
Сказала: «Да, да, да, да!»
С утра побрился и галстук новый
С горошком синим я надел.
Купил три астры, в четыре ровно я прилетел.
-Я ходил! -И я ходила!
-Я вас ждал! -И я ждала!
-Я был зол! -И я сердилась!
-Я ушел! -И я ушла!;)