Көңілдестерім. Әріптесім Аслан

Кезекті біреуін баяндап берейін. Бірнеше жыл бұрынғы оқиға еді. Сол кездегі бастығым Жәрмен алыс ауданға іссапарға жіберді. Жаныма өзі ерсе, шалды тағы біраз әурелесем бе деген ойым да болып еді. Алайда, немересінің шілдеханасынан босамайтынын айтып, жаныма шаруашылық (қоймаларға жауап береді, қысқасы) меңгерушісі Асланды ілестіріп жіберді. Оның үстіне көлік айдауға ептірек сол кісі болатын.
Ауызынан анекдоты құрғамайтын ақжарқын Аслан ергеніне де қуанып қалдым. Ішім пыспайтын болды. Бар ойым төсек ләззатынан босамайтын азғын әйел емеспін. Әңгіме арасында дарақылана күліп отырып, жанымдағы адамды түртіп немесе иығынан, санынан сабалайтын жаман әдетім бар. Қалыптасқан әдет, әдейі жасамаймын. Өте күлкілі анекдоттан соң ішегім түйіліп күлгенде, Асланның санынан сабалап отырып, саусақтарымның екі бұтының ортасына тиіп кетпесі бар ма? Мүмкін мен емес, саусақтарым сұмырай.
Мүшесіне әйелдің саусағы абайсызда тиіп кетсе өзге еркектер қайтуі мүмкін? Елемегендей болғанмен, іші қылпылдап, қызарақтап,әңгімені өзге арнаға бұратындары да болады. Ал Асланда ешқашан жасырын ой болмайды, не ойлады, сыртына шығара салады:
— Ойбай, тасағым.
Өзге әйелдердей ұялып, қызарақтап қалу менде де жоқ:
— Жарып жіберердей ұрмаған шығармын. Саусақ ұшы тигенге жарылатын ол неғылған тасаҚ?
— Маңдайына жел тимеген тасақ.
Болды. Әңгіменің арнасы күрт өзгеріп, көттен бір шықты. Өзі ақкөңіл ақжарқын көрінгенімен, бір басынан жетіліп артылар сұмдығы да мол екен. Кеңсеге келген практикант қыздың емшегінен қысып көргенінен бастап, қоймада жүрген еден жуушы Сәлимамен болған жыныстық қатынасына дейін айтып бергенде таңғалдым. Адам аласы ішінде дегені осы шығар? Қызды-қыздымен бастық Жәрменмен болғанымды айтқым келді де, тілімді тістей қойдым. Алдыңғы аптада ғана бастығымызды жұмыстағы есепші қыз екеуін жалдамалы пәтерге апарып тастағанын айта бергенде-ақ, ішімді қызғаныш тырнап өткендей болды. Жәрменді қызғанғаннан емес-ау, есепші қыздың аяқтары ұзын еді. Іштей өзіммен салыстырып өттім. Асланның ауызы жабылар емес. Эротикалық әңгімелерді майын тамыза отырып айтады, шіркін. Пөрнөграфиялық кинолардың еріксіз қоздыратыны секілді, эротикалық әңгіме де адамды бейжай қалдырмайды екен. Екеумізге де дәл қазір ненің жетіспей келе жатқанын ұғынғандаймыз. Жол бойындағы дәмханалардың біріне тоқтай беріп, қонақ үйі бар екенін көрген ол:
— Жол қашық, аздап тынығып алайық,- деді.
Блог - Juka: Көңілдестерім. Әріптесім АсланАуылдық жердегі қонақүйде бары үш бөлме екен, оның екеуінің бос емес екені екеумізге де жақсы сылтау болды. Бір-бірімізге тікелей айта алмай келе жатқанымызға бұл да бір септігін тигізді. Кәдімгі қазақы бөлме, кілемнің үстіне төсек жиналған. Қонақ үй күтушісі таза жаялықтармен қоса, ішіне шөміш салынған бір шелек жылы суды да ала кіріп, жерге қоя салды. Қарапайым күтушісінің өзі айтқызбай бәрін ұғатын писхологқа айналған. Ұят деген ұяң пендеге бұрышқа барып ойлана тұр дедік те, шаруамызға кірісіп кеттік. Кілемнің үстінде төсек салмай-ақ арпалыса кеттік. Тірлігін тездетіп бастап болмай адамды жындандыратын жаман әдеті бар екен Асланның. Жолдың мына шетімен, біресе ана шетімен орағытып, орынында тұрмай әбден жыныма тиіп болды. Оның ондай еркелігін көтеретін жүйкем әлсіздеу еді. Тізгінді қолға өзім алдым. Шаба жөнелдім, оған да керегі сол болды.
— Машинаның рөлінде отырып шаршап келе жатыр едім, жақсы болды ғой,- жымыңдап қояды. Иә, бәрі жақсы болды, тек төсек салынбаған кілемнің тіземді қажап тастағаны болмаса. Есік алдындағы легенге шелектегі жылы судан құйып жуынып алдық та, жолға кері шығып кеттік.
Алыс аудандағы жиналысқа да үлгердік. Ауыл әкімінің орынбасарының қарашығы өзіне бағынбай, анда-санда тіземе қарай тайғанақтап кете бергенін де сездім. Бірақ онымен болғам жоқ, әрине.
Бөлісу:

13 пікір

ken
Ақыры жазғасын мынау сияқты жазу керек қой, нақты-нақты.
Juka
Оның жазғаны порно, менікі көркем эротика
Ispek92
менікі көркем эротика
:D:D:D Тинто Брассыңдыссссс…
malik
Бір жездемнің бильярдтан келіп, хотунына: «Көп ішпедім, сәл іштім» дегені бар еді. Мынау соның мәндесі екен.
MickThatsMyNick
ойлап тұрғаныңды ойнап болса да айта салған ғо — дұрысы :J
Emilia
Асландар сондай болад деп қояд дейд :)
MERmukhanov
Қане, айта отыр сен де :)))
MERmukhanov
Процестің өзі аз көрсетіліпті бұл жолы)
Rafaello
Алматыдан емеспін деші ;)
Juka
Алматыданмын
Rafaello
Асланды танимын :)
patick
Хе-хе, несі бар, оқуға тұрарлық :)
satibaldi
Тағы да жаз, аффтар!