81-жылғы келіншек

(Әңгіме Шерхан Мұртаза ізімен)
Бұл оқиға 1981 жылы болған…
Оқиғалар...: 81-жылғы келіншек

— Мені танымай қалдыңыз ба? Неге үндемейсіз апа?

Анасы тіл қатпады. Есіктің алдында тұрған орнынан қозғалар емес.

— Сізді көрмегелі он жылдан асыпты. Сіз кеткенде мен 7 жаста едім ғой.

Анасы Бәтима үндемеді

— Көп нәрсе өзгерді. Әкем екінші рет үйленді…

Анасы үндемеді.

— Танымадыңыз ба, апа? Мен сіздің қызыңыз Әлиямын ғой. Апа, неге үндемейсіз? Бірдеңе десеңізші?

Анасы бұл жолы да үнсіз қалды.

— Босағада тұрғаныңыз қалай? Төрге шығыңыз апа? Қазір әкем де келіп қалар. Сізді көрсе қатты қуанатын шығар.

Әлия анасының қолын алып төрге шығаруға тырысып еді, екі иығынан ауыр нәрсе бастырып тастағандай қозғала алар емес. Бірнеше адым жер болғанымен, анасымен арасы километрдей көрінді.

Ал шешесі босағадағы орнынан қозғалар емес.

— Сіздің келгеніңіз жақсы болды, апа — дейді қызы. Өгей шешемнің қорлығына шыдай алмай, сізді жылап шақырғанымды естіп келген екенсіз ғой. Сіз кеткеннен соң жарты жылдан соң әкем үйленді. Есімі -Гүлбаршын. Жүзінде жылуы жоқ, көздері бадырайған, бойшаң қараторы әйел. Көрсеңіз сізге мүлдем ұнамас еді. Алыс туыстарымыз сүйек жаңғыртамыз деп, оның үстіне маған қарайласады, ер адамға қыз балаға қарау қиын деп сол Гүлбаршынды алып берген болатын. Келе салысымен сіздің бүкіл заттарыңызды отқа жақты.

-Тиме, апамның заттарына дегеніме пысқырып қарамады да.

-Сорлы жетім, апаң келмейді. Қашанғы оны күтіп жүресің, келмейді ол.

— Келеді апам, көресің әлі. Ол келген соң сені бұл үйден қуып шығады…

***

Анасының қайтқанына 10 жылдан асты, Әлия 17 жасқа толды. Көрсе кісі қызығатындай, әппақ жүзді, бойшаң, рәңді қыз болып өсті. Осы он жыл уақыт ішінде өгей шешесінен талай қорлықты да көрді. Гүлбаршынның еш себепсіз кезекті айғайынан соң Әлия үндемей қалмады. Екеуі қатты ұрысты.

-Ақымақ, жетім. Сен кімге керексің енді. Шешең жоқ. Қиялға берілмей үйдің жұмыстарын тындырсаң етті. Жүз жыл күтсең де келмейді анаң, — деп кекетті.

-Күтемін, — дедім, -Жүз жыл емес, мың жыл күтемін, — дедім.

Ызаға булығып, өксікке тола үйден атып шықтым. Қораның артына барып еңіреп, айқайлап жыладым.

— Қайдасыз, апа! — деп бар дауысыммен айқаладым. Қанша уақыт қорада отырғанымды білмеймін, үйге келген бетім осы. Сіз келіп қалыпсыз. Гүлбаршын көрші әйелге кеткен болуы керек. Екеуі өсек соққанды жақсы көреді. Ол сізді көрсе не дер екен. Кісімсіп, осы үйдің қожайынындай сезінуші еді өзін. Енді сіз оны осы үйден қуып шығасыз.

Анасы үндемеді. Қызының сөзін тыңдаған бойы босағада тұр.

— Неге үндемейсіз апа, деп қызы жылап жіберді.

Анасы есіктен шығып көшеге қарай бет алды. Ауылдың ортасынан тарам-тарам соқпақ жол өтеді. Сол жолдың бойымен ақ түйеге мінген анасы кетіп барады. Артына бұрылып та қарар емес. Қызын жалғыз тастап кетіп барады…

-Апа! Апа! — деп артынан Әлия қуып келеді. Жылап, өңешін жырта жаздай айқайлап шыққан қызының ащы дауысына аяулы анасы бұрылар емес…

***

Қыз өз дауысынан өзі шошып оянды. Кәдімгі қора. Кеш қарайып мал өрістен келетін уақыт болып қалыпты.

-Шынымен түсім бе? — деді өз-өзіне. Анам маған келмеді ме, маған тіл қатпады ма?

Ал, шындығында Әлия анасы Бәтимаға, Гүлбаршынның өгейлікпен істеген істерін айтқанда, Бәтиманың сай-сүйегі сырқырап еді. Қаншама жұбату сөздерін айтқан да болатын. Бірақ өлген адамның көзінен ешқашан жас шықпайды. Өлгендердің сөзін тірілер естімейді. Әлия болса:

-Шешем, түсімде де тіл қатпады, — деп қапалы.

Бүгінде Әлияның жасы 51-де. Тұрмысқа шыққан. Үш баланың анасы. 2 немеренің әжесі
Бөлісу:

2 пікір

Beytanis
Көрсе кісі қызығатындай, әппақ жүзді, бойшаң, рәңді қыз

Осы бір рӘңді ғызды көргім келіп есім кеткені )))))