Жұбаныш

Кешті асыға күттім… Әлі де күтсін, тағатын тауыссын деді ме, күн көккжиекке тіреліп алып, батпай қойды.Сағаттың әр тілі зіл байлап алғандай алға жылжымады. Күндізгі бар тірлікті құшағына алып, қалғып кететін мынау тар қала бүгін сергек. Өтпей қойған уақыттың кербездігі есіме Оны салды. Сағынсын, зарықсын, ең соңғы шыдамы таусылып барып, аяғыма егіле жылап құласын дейтіндей Оның асқақ тұлғасы мен алға жылжымай қойған мына уақыт екеуі егіздей. Өксікке тұншығып өліп қалмаудың амалын іздей бастадым. Ең болмаса өзімді өзім жұбатайын дедім. Тұңғиыққа батып бара жатып, қолына түскенді қармап қалғысы келеді екен адам, ал, қармап қалғаныңыз қандай нәрсе екені маңызды емес. Ішкілікке салынып кеткен туыс ағамды сөккем, сөйтсем, батып бара жатып қармап қалғаны – қу арақ екен. Біреудің ішіне үңілмей жатып, сыртынан жазасын дайындап қоямыз.… Жиналған адамдар арасынан Жұбанышымды іздедім. Менің құтқарушым сол болуы керек. Бір мейірге шөлдегенде шөліңізді басатын су болмаса, у ішесіз… Әйтеуірі, жұтылатын, кеуіп қалған көмейіңізді жібітер сұйықтық болса болды.…
Жұбаныш әдеттегідей қоңыр көздері күлімдеп, ортада жүр. Мен ол үшін әншейін көптің бірі шығармын. Назарын аудартатын ерекшелігім жоқ, ерекше көрініп те әуре болғым келмеді. Бәрі биге көше бере, бойымдағы соңғы батылдығымды жинап алып, жанына жетіп бардым да, қолынан ұстап алдым. Түк түсінбей абдырап тұрды да, күліп жіберді:
— Айым, қалайсың?
Үнсіздік… Басқа уақытта томаға тұйық жүретін мені түсіне алмай қалды, мүмкін мас деп ойлады. Маған бәрібір еді. Соңымнан соттап, арымды таптап, елге күлкі етсе де бәрібір еді.
Өле алмай шалажансар болып қиналып жатқан кезде, ажалдың қалай келері маңызды емес. Теріңді тірілей сыпырып алып, отқа шыжғырса да, денеңді бөлшектеп, балталап шапса да, өңешіңді үзердей қылқындырса да — ауруы бірдей еді. Ақырымды ойлауға мұршам жоқ. Оның жерлеп кеткен сезімін өлтіріп алмай, бір назарға ілігіп кетсем дедім. Әйелді өлтіруге көп күш жұмсап керек емес, бар болғаны назар аудармасаңыз болды. Өз-өзінен солып қала береді. Әйел күн сайын не үшін таранып, боянып, әдемі киінуге тырысады? Әрине, сүйікті болу үшін, елеусіз қалмау үшін. Әйелді жалғыз өзін иесіз аралға апарып тастасаңыз осылай сыланып, таранып, әдемі болып жүрер ме екен? Жоооқ, егер өзін енді ешқашан ешкімнің көрмейтінін түсінген күні-ақ, босаңсып сала береді. Шашына қызылды-жасылды гүлдер тағып, айна алдында өз-өзіне ұзақ сүйсінуін қояр еді. Ал, мына қоғамда елеусіз қалғанының өзі соңғы үмітпен айна алдында таранады: «Тамсанар біреу...»
Менің күйіп-жанғаным, өртенгенім Оның самарқаулығын жібіте алмады… Оның алдында өзімді ұмытқам, ұят, ар деген ұғымдарды ойдан шығарылған далбаса деп сендіргем өзімді. Бәрі бекер екен. Өз-өзіме өлім жазасын кескенімді ұқтым. Көрден мені ешкімнің алып шықпасын ұқтым, өлген күні жұмаққа апарар деп ойлауға алып қойған соңғы Үмітімді пайдалануға көштім. Үмітім– Жұбаныш еді.
Қолынан ұстаған күйі көлеңкелеу бұрышқа жетектеп әкелдім. Жұбанышым да ақырын көрейін дегендей соңымнан еріп келеді. Билеген сайын қызынған адамдардан алыстай бере тоқтай қалдым да, ерініне қадалып, ыстық сүйіске көміліп кеттім. Тоқтатып, себебін сұрап алуға еркектігіне сын көрді ме, ештеме сұрамастан аймалай берді. Бірнеше күннен жиналған ыза, ашу, көрген жәбірдің есесін ащы сумен емес, сүйіспен де қайтаруға болады екен.
— Қазір, қазір...-дей берді жан-жағына қарап. Ып-ыстық сүйіске тұншыға бердім, бір сәтке тоқтап қалсам, ойымның өзгеріп кететініне, Оны осы уақытқа дейін аңсап келген бар болмысым кері өз қалпына түсіп, тағы да зарығып кететініме, алдымдағы Жұбаныштан айырылып қалып, қайтадан түбі жоқ табытқа ұқсас суық ойдың тұңғиығына батып кететініме күмәнім жоқ еді. Өзіме ойлануға мұрша бермедім, Жұбанышымды да ойлантуға уақыт жібермедім.
Ақыл-деген суық, кез-келген құбылыстың алдын алып, өзге арнаға бұрып жіберуі мүмкін. Нәтижесінде өзіңнің қалауың емес, өзге біреудің өміріндей жат дүниеге тап боласың, көп ойланып-толғанған сайын болмысыңды, ішкі қалауыңды, сезіміңді, өзіңе ғана тән ерекшелікті жоғалтасың. Міне, мен осындай қорытынды ойлап таптым өзім үшін, бірақ өзгелерге бұл тәсілді тиімді деп ұсынған емеспін.
Ойланбай жасаған ақымақ қадамың өміріңдегі ең ыстық сәт болып, есіңде қалып қоюы мүмкін. Жұбаныш қолымдағы ермексаздай еді. Қандай қалыпқа түсіріп, қандай мүсін жасасам да көнуге тиіс болып көрінді. Арт жағымызда тұрған ашық есікке еніп кеттік. Кіріп бара жатқанымыз бөлме ме, көр ме белгісіз еді. Жыл сайын сырланып, қалыңдап кеткен ауыр есіктің ысырмалы темір кілтінің сыртылған дауысы шықты. Біреуіміздің ойымызға есікті кілттеу туралы ой да жетіп үлгеріпті. Мен ұят туралы ойлаудан бас тартқалы қашан, шамасы есікті кілттеген мен емес, Жұбаныш болар.
Созылмалы темір керует бір созылды, бір жиналды, қинала сықырлаған дыбысын да шығарды. Көзге түрткісіз қараңғыда бірімізді-біріміз қалай тапқанымыз белгісіз, бірақ, миға түскен хабар бойынша қолымыз қателеспей қалаған жерін тауып жатты. Ұзақ уақыт сарылтып, басымды жерге бүгіп әкелген Оның асқақтығына өшігіп алсам керек, есесін осылай қайтарғандай болдым. Ол мені дәл қазір көрмесе де, сезіп, қызғансын дедім. Тіпті бір уақытта дәл қазір жанымда қарап тұрса ғой дедім. Есікті бекер кілттеді ғой Жұбанышты сөктім іштей, бірақ, оның дәл қазір бұл қалада емес екенін жақсы білсем де, қиюы келіспейтін ойлар санамды мазалай берді.
Ілгегі жартылай шешілген оның жейдесі, сырмасы ағытылмастан қалай шешіліп қалғаны белгісіз менің көйлегім, сыңары төрден бір шыққан аяқ киімдер, жатып үлгермей-ақ жан-жаққа жайрап қалған төсек пен жастық, ентігіп, өң мен түстің ортасында ойын жинақтай алмай отырған Жұбаныш, өз қылмысыма риза болған мен… Бұл оқиғаға куәгерлер осылар еді.
Жұбаныш не үшін деп сұрамады, мен түсіндірмедім… Жапа шеккен де ешкім болмады. Бір кезде су деп ішкен удың зияны болмады. Ішімді жайлап бара жатқан уды у қайтарса керек. Ал Ол сол күйі асқақтық, биіктік атауын сақтап қалды. Қол жеткізбеді. Себебі қол жеткізген күні біз биіктікті мойындауды доғаратын едік.
Бөлісу:

20 пікір

MamaAya
Оқыдым, қуанып жаңа жазбаңызға, тек, тек «Сосын ары қарай не болды?»-деп сұрағым кеп тұр… недопонимание боққалды ғой)
MERmukhanov
Жұбанышты сөктім іштей, бірақ, оның дәл қазір бұл қалада емес екенін жақсы білсем де, қиюы келіспейтін ойлар санамды мазалай берді.

лібә, миым қайнап кетті, басқа Жұбанышмен болып отырсың ба? :))))
BakytgulSarmek
«Есікті бекер кілттеді ғой Жұбанышты сөктім іштей». Иә, Оның деген бас әріппен жазылуы керек еді. Ал, ана зайб шығарған адамның аты аты жоқ, Ол деп алынған.
AKY
ұнататын адамына қолы жетпей басқа сүмелекпен жата салған ғо «ерегісіп»,
соны цүнбисің бә? :*))

әңгімені плюстедім ;)
ken
Сұрақ: Егер Жұбаныш та әлгінің беріп тұрғанын алмай қойғанда әлгі үшін ол да асқақ, биік боп кететін бе еді?
AKY
Оны білмедім :p
Daniar-Alan
жата салған ғо «ерегісіп»,

*lol* *lol* *lol*
MERmukhanov
әңгіме барысында Жұбаныш та ұнайтындай болып көрінді
SSSS
ұнататын адамына қолы жетпей басқа сүмелекпен жата салған ғо «ерегісіп»,
соны цүнбисің бә? :*))
қыздар, осылай түсініктеме беріп отырыңдар, бырақ ұнатпайтын адаммен қалай жата салады?
жігіттерде ұнамайтын қызға жата алмайды, физиологиялық тұрғыдан.
SSSS
сыбырлы екенсің, түсінуге тырыссаң
Emilia
Күшті. Ұнады маған. Ұзақ сияқты болып көрінгенімен тіліңіз баурап алды. Әдемі жеткізеді екенсіз сезім тілін
Ispek92
Жұбаныштарды біраз биікке көтергеніңіз үшін рахмет, бірзнашны пұлыс)))
zholantai
сонымен не тема?
satibaldi
Сен үнемі комадан тұрватасың осы, а?
zholantai
прості, бұ автордың мәтіндерін толық оқымайм
SSSS
Әйел адамның жазғаны көрініп тұр, мағынасыз бітпейтін көп сөз, оқиын-ақ деп едім, толықтай оқи алмадым, шаршатып жіберді, басына келген ойлардың бәрін жаза берген-ау деймін, барлық әйел адамның ой осындай болса масқара екен. Маған Мағжан Жұмабаевтың өлеңдері ұнайды, бір шумаққа қаншама ой салады.
Beytanis
Жаза-жаза әжептәуір ПрАзаик болады деген бір үміт.