"АЛЖИР-дегі" жағдай қалай болды?
Ада болып үміті арманы даАқмола облысына қарасты Целиноград ауданындағы «АЛЖИР» саяси қуғын-сүргін және тоталитаризм құрбандары мұражай-мемориалдық кешеніне барған адамдар қабырғадағы тақтадан осы өлең жолдарын оқитыны анық. Ыңырсыған ауыр да қаралы музыканы естіп тұрып оқудың өзі азап секілді.
Торғайлардай қамалды торға мына.
Ойларына не келсе, соны істеді
Жазықсыздың жазықсыз жарларына...
Ия, өте ескерткіштер, өте аянышты тағдырлар… Сонау 1937-ші жылы НКВД-ның арнайы бұйрығымен салынған Ақмола халық жаулары әйелдерінің лагері он бес жылға жуық тозағы ісеттес болған. Сол уақыт аралығында бұл жерде 20 мың нәзікжандыларды қинауда ұстаған екен. Темір тордың ар жағында 1 мың 507 нәресте дүниеге келіп, олардың басым көпшілігі аштық пен суықтың құрбаны болды.
«АЛЖИР-де» С. Сейфуллиннің әйелі Гүлбахрам, Б. Майлиннің әйелі Күнжамал, Т. Рысқүловтың әйелі Күләндам, С. Мендешовтың әйелі Рәзия, Т. Жүргеновтың әйелі Дәмеш, С.Асфендияровтың әйелі Рабиға Майнұр Сармолдаева және т.б. көптеген қазақ азаматтарының әйелдері, аяулы аналар « жазасын өтеді».
Жалпы КарЛаг секілді жерлерде болған азаматтардың белгілі бір деңгейде өз «кінәсі» болған ғой. Мейлі жазықсыз болса да, заң түрде негізделген «айыбы» бар. Бірақ олардың әйелдерін, қарындастарын, қыздарын түрмеге тоғыту өте-мөте ақтауға болмайтын қылмыс емес пе?! Қай заман болса да, тарихта мұндай қылмысты жасау, ресми түрде жасау тек коммунистердің ғана қолынан келді.
Іштегі ызаны сіз түсінбеген боларсыз бәлкім, олай болса, сіз де «АЛЖИР-ге» барып көріңіз түсінесіз. Немесе төмендегі фотоларды қарап шығыңыз…
Пікір жоқ әзірше