«АЛЖИР» мұражайы бірегей экспонаттармен толықты

Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні қарсаңында «АЛЖИР» мұражайында тұтқындардың жеке заттары мен бірегей материалдарының көрмесі ашылды. Көрмеде ақтау туралы анықтамалар, тұтқындардың хаттары, олардың киімдері мен тұрмыстық заттары көпшілік назарына ұсынылған. Мұражай қызметкерлері үлкен зерттеу жұмысын жүргізіп, экспонаттарды Ақтөбе, Атырау, Екатеринбург және басқа да қалаларға іс сапарлары барысында жинаған.

Астана жаңалықтары: «АЛЖИР» мұражайы бірегей экспонаттармен толықты

– «АЛЖИР» мұражайының қызметінің негізгі бағыты – экспонаттар жинау, қызметкерлер Қазақстанның, таяу шетелдердің қалаларын аралайды. Сапар барысында қуғын-сүргінге ұшырағандардың, жер аударылғандардың ұрпақтарымен байланысты үзбеуге тырысамыз, ал олар өз кезегінде, бізге материалдар – туған-туыстарының құжаттарын, суреттерін, жеке заттарын береді. Жыл сайын Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай мұражайда іс сапарлар барысында жиналған жаңа экспонаттардың негізінде көрмелер ұйымдастырылады. Көп жағдайда тұтқындардың ұрпақтарының өздері бізді интернет, сайт арқылы тауып, осында келіп жатады, – дейді «АЛЖИР» мұражайының жоғары санаттағы маманы Евгения Зеер.

Көрме залынан 30-шы жылдары атылып кеткен Мырзағұл Атаниязовтың, лагерь тұтқындарының бірі Ғайсина Ғайнижамалдың, Роза Цыпкинаның және т.б. фотосуреттері мен жеке заттарын көруге болады.

Астана жаңалықтары: «АЛЖИР» мұражайы бірегей экспонаттармен толықты

Келушілер инсталляцияларды тамашалап, өткен жылдарда орнаған атмосфераны сезінеді. Зал экспозициясы «Кісен» инсталляциясымен ашылады – бұл түрме камерасының имитациясы, одан кейінгі «АЛЖИР» диорамасында қыс және жылы кездердегі лагерьдегі өмір көрсетілген. Мұнда тігін фобрикасының, бесігі бар барактың фрагменттері мен көптеген тұтқындардан жауаптар алынған тергеушінің кабинеті жасалған.

Мұражай кешенінде терезелер жоқ. Жарық төбедегі атриумнан түседі.

«АЛЖИР» мұражайы 2007 жылы ашылды. Ол лагерь тұтқындары отырғызған алма бағының орнында орналасқан. Лагерьдің өзі, барактар, тігін фабрикасы және аурухана қазіргі Ақмол ауылының аумағында болған.

Лагерьде 18 мыңға жуық адам қамалған. Бүгінгі таңда бізге белгілі мәліметтер бойынша 7 мыңнан астамы өз мерзімдерін толық өтеген, олардың есімдері Еске алу қабырғасында жазылған. Кейбір мемлекеттердің елшіліктері түрлі ұлт өкілдерін есте сақтаудың құрметіне естелік плиталар орнатты. Лагерьде барша КСРО-дан 62 ұлт өкілдері жазасын өтеген.

Мұражайдың жанындағы кішкентай барактың көшірмесі келушілер мен туристердің үлкен қызығушылығын тудырады.

– Баракта «АЛЖИР» тұтқындарының балалаларын тартып алу» диорамасы жасалған, яғни әйелдерді қамауға алып, кішкентай балаларымен бірге лагерьге әкелген, ал үш жасқа толғанда оларды балалар үйіне берген. Әрине, бұл процедура аналар үшін өте ауыр болады. Өйткені, әуелде олар балалардың қайда жіберілетінін білмеген, хаттар, сұраулар жазып, оларды іздеп-табуға тырысқан, – дейді Евгения Зеер.

Сонымен қатар, мұражай аумағында «Қайғы қақпасы» монументі, шолу мұнарасы, «Күрес пен үміт» және «Ашыну мен дәрменсіздік» секілді екі мүсіндік композиция, сондай-ақ «Еске алу қабырғасы», ГУЛАГ картасы салынған «Жас» стелласы бар.

Ертең, 31 мамырда мұражайда саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алуға арналған салтанатты митинг өтеді, бір минут үнсіздік жарияланып, жазаланғандардың ұрпақтарының қатысуымен гүл шоқтары қойылады.

Материал Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты astana.gov.kz деректері бойынша әзірленді.
Әрі қарай

"АЛЖИР-дегі" жағдай қалай болды?

Ада болып үміті арманы да
Торғайлардай қамалды торға мына.
Ойларына не келсе, соны істеді
Жазықсыздың жазықсыз жарларына...
Ақмола облысына қарасты Целиноград ауданындағы «АЛЖИР» саяси қуғын-сүргін және тоталитаризм құрбандары мұражай-мемориалдық кешеніне барған адамдар қабырғадағы тақтадан осы өлең жолдарын оқитыны анық. Ыңырсыған ауыр да қаралы музыканы естіп тұрып оқудың өзі азап секілді.
Ия, өте ескерткіштер, өте аянышты тағдырлар… Сонау 1937-ші жылы НКВД-ның арнайы бұйрығымен салынған Ақмола халық жаулары әйелдерінің лагері он бес жылға жуық тозағы ісеттес болған. Сол уақыт аралығында бұл жерде 20 мың нәзікжандыларды қинауда ұстаған екен. Темір тордың ар жағында 1 мың 507 нәресте дүниеге келіп, олардың басым көпшілігі аштық пен суықтың құрбаны болды.
Блог - kaztube: АЛЖИР-дегі жағдай қалай болды?
«АЛЖИР-де» С. Сейфуллиннің әйелі Гүлбахрам, Б. Майлиннің әйелі Күнжамал, Т. Рысқүловтың әйелі Күләндам, С. Мендешовтың әйелі Рәзия, Т. Жүргеновтың әйелі Дәмеш, С.Асфендияровтың әйелі Рабиға Майнұр Сармолдаева және т.б. көптеген қазақ азаматтарының әйелдері, аяулы аналар « жазасын өтеді».
Жалпы КарЛаг секілді жерлерде болған азаматтардың белгілі бір деңгейде өз «кінәсі» болған ғой. Мейлі жазықсыз болса да, заң түрде негізделген «айыбы» бар. Бірақ олардың әйелдерін, қарындастарын, қыздарын түрмеге тоғыту өте-мөте ақтауға болмайтын қылмыс емес пе?! Қай заман болса да, тарихта мұндай қылмысты жасау, ресми түрде жасау тек коммунистердің ғана қолынан келді.
Блог - kaztube: АЛЖИР-дегі жағдай қалай болды?
Іштегі ызаны сіз түсінбеген боларсыз бәлкім, олай болса, сіз де «АЛЖИР-ге» барып көріңіз түсінесіз. Немесе төмендегі фотоларды қарап шығыңыз…
Әрі қарай