Спойлер таратып жүрген арандатушы топ іздестірілуде

«Тақтар ойыны» сериалының маусым финалының алдында еліміздің бірнеше қаласында бейбіт көрерменге спойлер шабуылы жасалды. Алдын ала көріп алған арандатушы топ сериал фанаттарына алдын ала ақпарат беріп, іріткі салуда. Қазір бұл спойлершілер жан-жақты іздестірілуде. Арандатушылармен тиісті органдар айналысып сазайын беретін болады.

Оқиғалар тізбегі:

АЛМАТЫ. Бетперде таққан белгісіз біреулер Жароков-Водозаборный көшесінде орналасқан блогерлер штаб-пәтеріне кіріп келіп, соңғы бөлім спойлерлерін айқайлап кеткен. Психологиялық травмаға ұшыраған Д.З және Е.Б атты блогерлерге қазір психологтар көмектесуде.

АҚТӨБЕ. Жайдарман аймақтық лига ойынында сахнаған шыққан бір ойыншы шыдай алмай «Ең соңында Джон Сноу бар ғо, Джон Сноу...» деп айқайлап жатқан жерінен бір командаласы тарапынан соққыға жығылды.

ШЫМКЕНТ. Сериалдың бұрынғы бөлімдерін талқылау және сезон финалына болжау жасау мақсатында саунада жиналған сериал фанаттарына жезөкше кейпінде кірген спойлерші қыз маңызды 3 спойлер айтып, артынша ізін суытып үлгерген.

АТЫРАУ. «Тамаша» сауда орталығында белгісіз біреулер «Сайлаубек ән айтады» деп халықты жинап, дыбыс күшейткіштер арқылы спойлер таратып, белгісіз бағытқа қашып үлгерген.

АСТАНА. Тікелей эфир кезінде Еуразия арнасының жаңалықтарына телефон арқылы хабарласқан көрермен 8 секунд ішінде маңызды спойлер айтып үлгерген.

ҚАРАҒАНДЫ. Қалалық парк алдында оқушы қыз киімін киген белгісіз топ қала тұрғындарына қос тілде жазылған спойлер қағаздарын таратқан.

ҚЫЗЫЛОРДА. Ешқандай оқиға тіркелмеді.

АЛМАТЫ. Футбол матчында тиін киімін киген белгісіз бір арандатушы спойлерлер жазылған қағаздарын трибуналарға шашып болғасын, қашу сәтінде қақпа маңында тәртіп сақшылары тарапынан ұсталды.

АҚТАУ. Суық және ыстық су көрсеткіштерін тексеруші кейпінде тұрғын үйлерді арлап жүрген спойлерші соңғы 3 бөлімін әлі көрмеген қала тұрғындарына психологиялық соққы жасап үлгерді.
Бөлісу:

21 пікір

asaubota
соңғы 2 бөлімді қарамадым әлі. үйремен жүрмін, біреу шығып айтып қоя ма деп…
Daniar-Alan
Астана. Момышұлы 13А мекен-жайында отырған Д.А. есімді спойлерші А.О. есімді азаматқа спойлер таратқысы келіп отыр. Теле2 балансында әлі 8799 тегін смс-ы бар болғандықтан, хардкор жасап смспен жіберетін шығар.
asaubota
убью!
Daniar-Alan
Бір әріптеп жіберіп отырсаң )))))))))))))))))(
Marco
Джон Сноу бар емес пе, Джон Сноу
Ispek92
ҚЫЗЫЛОРДА. Ешқандай оқиға тіркелмеді.
біз жақта просто спойлердің не екенін білмейді әлі))))))))
merekeee
Ұсталғандары шетінен сонда жер аударылсын! Жүрсін сосын спойлерлері өтпей, психологиялық травма алып…
MickThatsMyNick
сериалдарға бұрынғыдай байланбағаныма қуанып отырмын))))
Ispek92
Тақтар ойынына байланбау? Жер планетасында тұрамысың тошны?)))
asaubota
негізі ше, бұл сериал сериал емес, уже бір культ болып бара жатқан сияқты. адамдар трендтен қалмау үшін қарайтын сияқты болып көрінеді кейде…
asaubota
бәрің қарап болдыңдар ма?
asaubota
жаңа маусым басталды. сақтықта қорлық жоқ
ken
Бұл сериал ма? Сериал көресіңдер ма не?
Ispek92
Ия, сериал. Көруге тұрарлық жалғыз сериал, еш кемшілігі жоқ)
ken
көруді қалай бастадың — бәрі айта бергеннен, НұрКЗде жарнамасы шыға бергеннен, өзің теликтен көріп қалып содан бері көріп кеттің бе, қалай бастадың?
Ispek92
Бәрі айта берген соң қарадым, негізі сериал көрудің фаны емес едім, осы сериал ғана байлап қоя алды
VKM
мяяяя, маған спойлер таратыңдаршы, бәрібір көруге уақыт жоқ.)
Ispek92
Вк мен Инстаға барсаң толып жатыр))
ErbolAliaskaruly
Очм, Джон Сноу аяқ асты тіріліп кетті-міс
MeihuaZheng
Рамси өгей шешесін… сводный бауырымен бірге…
Джеймидің жаңа қолы өсіп кетті…
Ходордың аты Ходор емес…
Ходор сөйлеп кетті…
Арьяның жанары ашылды…
Бран аяғы сауықты…
Дракондар ужинға кетті…
Дайенеристі көрсетпеді екінші сериясында.