Мен саған ғашықпын...
… Бүгін қуанышымда шек жоқ. Ала жаздай еңбек етіп, күн демей, түн демей еткен еңбегіміз бен төккен теріміз ақталған күн болды. Әкем ерекше мәз. Қыстақтағылардың да бетіне қан жүгіріп, кішкене балаларға дейін бұл қуаныштың мәнін ұққандай. Енді осы мәпелеп өсірген құлпынайымызды базарға шығарып сатсақ, біраз қарызымыздан құтылар едік. Қыстағымыздың да ажары кіріп қалар еді-ау. Әйтпесе жаңа ғана иесі келіп кетті. Әдеттегідей апшыны қуыру ғой. Базарға шығарамыз деп қойған құлпынайдың бәрін салып ап кетпекші. Сонда бізді немен күн көреді деп ойлайды екен?! Қарызын қалай жабамыз сосын?! Әйтеуір үйтіп-бүйтіп, уақытты создық-ау! Енді базарға шығу ғана қалды...
Базарға әкем екеуміз барамыз. Ауылда қалатын Клауидің мені кекетіп, мұқатқанын да елер емеспін. Өмірден көрген теперіштерін бейне бір мен істегендей, жауығатынын әлі түсінген емесін. Етім үйреніп кеткен секілді. Оның үстіне өзім де көңілдімін.
Айтпақшы түнде түс көрдім. Сол түсіме қарағанда аспаннан бір жақсылық келіп менің басыма орнайтындай. Білмеймін өтірік шынын, бірақ аспаннан салбырап түсетініне сенбесем де, өмірімде бір жаңалық болатынын түйсінгендеймін.
Ал кеттік… Кенет жолда бір нәрсе тарс ете қалды. құлпынай тиелген машинаның бортына бір нәрсе құлағандай болды. Әкем екеуміз кабинадан аты шығып қарасақ, сатамыз деп үміттеніп келе жатқан құлпынайларымыз жерге құлап, құламағандарын бір нәрсе езіп тастапты((
Тоқтай тұр..! Машинаның үстіне кенеп секілді бірдеңе көрінеді ғой. Мен жалма жан әлгі ақ кенепті көтере бергенім сол еді… Астынан… Астынан бір бозабаланың шыға келгені. Көзін-ай… Жалт етіп қарағанда, неге екенін білмеймін, бойымнан тоқ жүгіріп өткендей болды… Не ашудан, не басқа бір сезімнен дір-дір етіп тұрып қалдым…
Құрметті, көрермендер! Бұл — 31 арнадан көрсетіліп жатқан «Мен саған ғашықпын» атты телехикаядағы сюжет. Дәл осы сериалды әрмен қарай көргіңіз келсе, басты кейіпкердің жан-дүниесін сезініп, әлгі аспаннан түскен бозбаланың кім екенін білгіңіз келсе, KazTube порталынан қарауыңызға болады. Барлығы да сіздер үшін!)
Пікір жоқ әзірше