Көңілсіз математика

Блог - Rafaello: Көңілсіз математика

Математика — күрделі мәселелерді шешуге арналған ғылым. Жалпы бүкіл ғылымның патшасы. Кішкентай балалар көңілді математика есептерін шеше тұрсын, ал біз бүгін көңілсіз есептер шығарайық.

Есеп № 1
13 ақпан күні үйлену тойында жүктілігінің 9-шы аптасына кірген жас келін шамамен қай айда босанады?

Есеп № 2
903 мың теңгелік бір шаруа алған жеке кәсіпкер оның 3 пайызын салыққа төлейді, 15 пайызын тапсырыс беруші жақтағы жақсы жігітке береді, сауна және отырысына 65 мың алып қояды. Шаруаның жалпы шығыны 120$ (доллар бағамы — 186 тг). Сонда өзіне қанша қалайын деп тұр?

Есеп № 3
Әлеуметтік желідегі бір топтың ұтыс ойынына қатысқан Е.Б. бұл жазбаны өз парақшасында бөлісті. Жалпы бөліскен адам саны 49540, жүлде 10 адамға беріледі, оның үшеуі Айфон. Е.Б.-ның ұту ықтималдығы қанша және оның ішінде Айфон ұтып алу ықтималдығы?

Есеп № 4
4 жігіт бір барда жақсы отырыс жасады. Жалпы есеп 14650 тг шықты, бұған 10 % қызметақы қосылады. Төртеудің біреуінде ақша жоқ. Қалған үшеуі қаншадан лақтыруы керек?

Есеп № 5
Лунара сағатына 15000 алады. Оның 1000 теңгесін таксистке береді, 1500-ін сауна администраторына қалдырады. Бір тәулікте 50000-нан көп істеу үшін Лунара қанша сағат «жұмыс» істеуі керек?

Есеп № 6
Н.Ң. түскі үзіліссіз жасайтын банкке келіп, сағат 13:50-де 260 номерлі кезек талонын алды. Таблодағы соңғы тұтынушы номері 222. Жалғыз өзі ғана жұмыс істеп отырған банк қызметкері әр тұтынушыға 14 минут уақыт құртуда. Банк жұмысы 18:00-де аяқталады. Н.Ң-ның бүгін кезегі келеді ме?

Есеп № 7
3 баласы бар 34 жастағы А.О. айына 120 мың теңге + 10 мың ком.қызметтер төлеп, 2 бөлмелі пәтер жалдап тұрады. Тұрақты айлық табысы 385 мың теңге. Әр отбасы мүшесіне айына 40 мың теңге жұмсайды. А.О,-ның бұл өмірде пәтер алуға шансы бар ма?
Бөлісу:

32 пікір

MERmukhanov
1) Қыркүйекте туып тұр ғо
үйлену тойы асығыстығы нагрузка, бикеш шоқжұлдызын ұнатпайтыны тағы бар — уощм, шілдеде де туа беруі мүмкін :)
Rafaello
Қысқасы 7 айдан кейін дейсің ғой?
merekeee
Бастысы ұзату мен беташар. Ал үйлену тойын жеті ай, бір жыл, тіпті туып алғаннан кейін де жасай бергеннің сөкеттігі жоқ сияқты.
MERmukhanov
2) 653140 теңге қалтада дейсің ғо :)
кейін доллар шапатқ ете қалғанда, қазіргі құны 400000мыңға ғана шамалас әлеуеті бар екенін түсінеді, оның 350000ы-н әйелі шубаға алып кетеді. Сондағысы…
MERmukhanov
3) ықтималдығы 0, 02 пайыз, яғни пашти 1 к 5000)))
айфон ұтуы мүмкіндігі 0,006 пайыз ғана, яғни 1 к 16513

бірақ тағдыр артымен емес, емшегімен бұрыла қалған күннің өзінде, зевс оң көзімен қараған бақытты сәттің өзінде ол айфондар берілетін адамдар әу бастан белгілі тұғын…
MERmukhanov
4) 5372 теңгеден тастаса болды) Бірақ ішінде понторез біреуі 10000 тастайд, оған сдачаға 2 мың қайтад, жмоттау біреуі сонда аэырақ беред. а так жігіттер ғо, че ұсақталып дә дейд?
Rafaello
И нормально, нормально, таксиге алып қалайын просто…
MERmukhanov
5) 5 заказ ғо, ровно 4 заказ ровно 50000 шығарад. Бірақ жвачка, презик, т.б. бар демекші.
мектепте 5 ке оқығаны қандай сәйкес — 5 рет барады бұл жолы да! ну, 5 сағат жұмыс уақыты
Rafaello
Бұл саладағы үлкен бәсекелестікті ескерсек бір тәулікте 5 «жұмыс» табу қиын негізі, тіпті 2
MERmukhanov
6) мен айтар едім да точно есептеп, просто Н.Ң. оны күтпейтін адам типажы да…
к слову бүгін күтпегені абзал
asaubota
мен де күтпеймін. сгинш деп талай рет кетіп қалдым :)
MERmukhanov
7-есепте не до математики… жыладым(((( кеттім
Rafaello
Есеп жазайық осында, бірге шығарамыз
VKM
кілең жылататын есептер екен. Че то шығарғым келмей қалды. Мерей тырсыпты-ақ))))
MERmukhanov
Гуляда Айболмен 32 минут болды.
Альбертпен 8 минут болды.
Ванямен 7 минут болды.
Сұрақ: Бұл әдеттегі мінберден айтылатын батыр қазақ, нар қазақтың ұрпағымын деп көтшелек бола беруге себеп пе, әлде Айболға дәрігерге қаралу керек емес пе?
Rafaello
Айбол просто пибі ішкен ғо
MERmukhanov
Алмас Тоқабаев жайдарманда жыртылып күлгенде бір ойында 154 рет алға артқа ырғалады.
қол шапалақ жиілігі — 3 шапалақ секундына, ойын ұзақтығы 1,5 сағат.
Сұрақ, егер Тоқабаев тұтасымен эбониттен тұратын болса, қанша энергия өндіріп алуға болар еді?
MERmukhanov
Эльвира Ерғалина аптасына 2 бұйым жасап, 3 жобамен келісіп, 4 жобаға отказ береді.
әлеуметтік желіге 124 пост тастап, оны сынағандарға 21 жауап жазады.
11 селфи, 2 блог жазба, 1 сұхбат алады, осының бәрі панданың киіміне оранып жүріп істелсе:
1)Емааа, өзі тамақ іше ме, ұйықтай ма өзі?
2) шымкенттің қанының рөлі қаншалықты маңызды бұл жерде?
MERmukhanov
Айнұр Рақышеваның смартфонын алған күннен кейін, онда о әрпінің батырмасының жазуы кетіріліп қалуына қанша күн кетті?
MERmukhanov
ВКМ өмірінде 117 458 коммент тастаған, оның тек 28-і негативті коммент.
Е.Б. ның айфон ұту ықтималдығынан бұл қанша есе көп не аз?
merekeee
А. О. неге сонша қымбат пәтер жалдайды? 50-80 мыңға орталықта тәуір квартирада тұратындарды білем. Ең дұрысы, жер алу керек Қоянды жақтан (қазір сатыла ма, жоқ па білмедім, алып, әуелі времянка салған туыстарым бар :) Жалпы, жақсы тілектеміз.
MERmukhanov
Келесі есеп:
50-80 мыңға орталықта тәуір квартирада
дейтін Мерекенің параллельді әлемі біздің әлемнен қанша жарық жылы алыс орналасқан?
Rafaello
Мүмкін ол депутат шығар? 50 мың деп доллармен айтып тұрса керек
merekeee
Тұрақсыз айлығы жүз есе аз (!) азамат үй салып алғанша әйел, бала-шағасымен бірге қаңылтырдан жасалған лашықта тұрған. Қаншалықты жылы, жарық екені есімде жоқ, тым кішкентай едім.
Балалардың кішкентайында 50-80 мыңдық «тәуір» квартирада жүріп те әрекет қылуға болады, ойын баласына білінбей кетеді, есейе келе қиындай береді.
Argynova01
CалеметсІз бе. Маған Сізбен хабарласу керек еді! 87023533221
Rafaello
Қай есепті шығара алмадыңыз?
Medium
Маусымға 20 команда кірсе, 1/8-ден 3 команда ұшса, қанша команда маусымды жалғастырады?
asaubota
доллар ол кезде 186 еді… :(