"Керекшінің" оралуы

2004-тің басы-ау деймін… Малайзияда жүргенмін әйтеуір. Азидолла е-хат жіберіпті: «Мына сілтемеге кіріп, тіркелші. Ана жақта деген айтыс боп жатыр. Өлең жазатының бар ғой, қашщищ...» деген сияқты, шамамен. Елді сағынып жүрген студентке керегі сол емес пе, бардым, кірдім, тіркелдім, айтыстым…
Ол кездегі «керектің» келбеті де, сәні де, мәні де басқа еді. Қазақ тілінде форум ашылды деп қуандық. Ой жаздық, пікір айттық, айтыстық, тартыстық… Аршат, Бекжан, Нұрғиса, Әсет, Ертай, Жұлдыз, Нұргүл, Мәриям, Жанна, Гаухар сияқты қыз жігіттер өмірде де жақсы араласып, дос боп кеттік. Бір емес бірнеше отау да құрылды сол ортаның ішінде. Одан кейін үйлі-баранды болдық. Отбасымызбен араластық…
Біздің буынымыз сияқты содан бері талай буын өсіріп, талай түлек түлетіпті «керекинфо». «Керекшілер» деген өзінше бір қауым ел қалыптасты. Әрине, уақытқа қарай іші де, сырты да үнемі жаңаруда… Бірақ, өз басым сол 2004-2005терден кейін көп кірмеген болатынмын.
Жазуға деген құштарлық баяғыдан бар ғой. Бірақ, жұмысым мен ортам мүлде басқа салада болған соң, қолға қалам алу кейінге қала берді. Тек соңғы уақыттары ғана жазу туралы кәдімгідей ойлана бастадым. Тіпті сол, өзім жүрген бизнес пен қаржы, экономика бойынша да неге жаза бермеске дегендей ойлар келе бастады. "Қайда жазам" деген мәселе туғанда, айналып келіп, осы «керекке» тоқтадым. Керемет жазғыш, сұмдық блогер болып кетуіміз екіталай шығар. Дегенмен, азды-көпті түйгеніміз бар, көргеніміз бар. Біреуге қызық болар, біреуге ой салар, біреуге бағыт сілтер. Не болса да, келдік ортаға оралып, достар. "Қайта оралу" дейсіңдер ме, «жаңғыру» дейсіңдер ме, өз еріктерің. Сәттілік тілеңдер, «жас» керекшіге!
Бөлісу:

15 пікір

Daniar-Alan
98 жылғылар блог жазып бастады :)
Traveler
Балаларымыз бен немерелерімізді жетектеп әкеп «керекке» тіркеп жүретін күн де туар, кім білсін :)
qonyrbai
Бизнес тақырыбы қызықтырады.
Traveler
Мені де… Бұйырса жазамыз
VKM
Керекшілердің алғашқы буыны.Біз орта буын. Назарбаев мектебінің оқушылары кіші буын)))) Қайтып келуіңізбен!
Traveler
Шалдау жігіт болдық десеңші, не болса да…
VKM
Үлкендеу деген дұрысырақ))
Beytanis
— Не шал бол, не жігіт бол!- депті бір кемпір қарындас.
merekeee
"қашщищ..." дегені "қатыс" дегені ме?
«Жазба құсық», «аффтарды зынданға» деген жаргондар сол кезде де бар ма еді?
asaubota
бұрынғы керекші деген болмайды :)
zholantai
сонымен, пост не туралы,
түсінген жоқпын
boztorgai
Рембрандт.
«Тәубесіне келген ұлдың қайта оралуы». 1666-69жYour text to link...