«Қазақстан дауысына» қатыстың ба?
Музыкалық сайыстарды жай ғана конкурс, бастысы — жеңіс деп есептейтіндер, меніңше, ұтса да ұтылады, ұтпаса да ұтылады. Қазір шоудың заманы, «темірді қызған кезінде соқ» немесе конкурс қана емес, трамплин деп біл.
Ресей эстрадасын МакИ сахналық есімімен бағындырмаққа талпынған, бірнеше конкурстарда бақ сынаған, Қазақстан мен Ресейдің ең танымал продюсер, әншілерімен бірлесе жұмыс жасаған өнерлі қыз. Латвияда өткен «Жаңа толқын» байқауында арнайы марапат «Көрермен көзайымы» атанды, «Жыл таңдауында» «Алтын адам» номинациясында топ жарды, «Музыкальная фишка» байқауында «Бесконечность» әнімен жеңімпаз болды.
Стас Пьеха әжесінің атағына тәуелді емес, жеке орындауындағы және дуэттегі әндерімен өз тыңдарманын қалыптастырып үлгерді. Екі жыл ТНТ арнасында жүргізуші болды, «Дауыс» жобасының украиналық нұсқасында тәлімгерлік етті, «Звезда в опере», «Хит» шоуларына қатысты, «Екі жұлдыздың» 4-маусымында Маша Кожевниковамен өнер көрсетті.
Кең диапазоны мен әртістік қабілеті биіктерге шығарды. «Казахи» квн-құрамасында, "әзіл-студио" комедиялық шоуларында өнер көрсетті. «Жұлдызды дода» пародия-сайысында түрлі образдарды сәтті алып шықты.
31 жастағы Зарифа өнерге өте ерте қадам басқан. «Золотой грамафонда» бірнеше жыл қатарынан өз номинациясы бойынша үздік шығып отырды, сериалдарға шақырту алды, «До Ре», «Екі жұлдыз» бағдарламаларына қатысты, байқауларда қазылық етті.
Топ талай хитті дүниеге әкелді, мүшелері жеке әнші ретінде де танымалдылыққа ие. «Махаббат әні» атты өлеңге түсірілген бейне-клип MTV Russia телеарнасында тегін ротацияға ие болған жалғыз қазақ клипі болды.
Сүйкімділігімен-ақ есте қалатын, талантына да күдік туғызбайтын әнші. Бірнеше жыл «КешЮ» тобында өнер көрсетті, "Ғашық жүрек 1, 2" фильмдерінде басты рөлді ойнады, балалар конкурсында жюри болды, «Екі жұлдызға» қатысып, жеңіс жолында бақ сынаудан өз еркімен бас тартты.
Филипп Киркоровқа ұқсастығымен назарға ілігеді десе болады. «Европа плюс» тыңдармандары тарапынан қолдауға ие болды, өзі қатысқан «Народный артист» байқауымен аттас топта ән айтты, «Один в один» шоуының бірінші маусымында жеңімпаз, келесілерінде жюри болды, конкурстарда жас әншілерге ән жазды, өзінің «Чумовая вечеринка» бағдарламасында әншілермен сұхбат жүргізді, кітап жазды, бетперде жасау/жинау қырымен де танымал.
Музыкалық байқауларға қатысып, ЖЕҢБЕСЕ де өнерде өз есімін қалыптастырған әншілер тізімі мұнымен бітпейді: Әлішер Кәрімов, БиС, Инь-Янь, Фабрика топтары, Айқын, Наталья Подольская, Айлан, Анатолий Цой (ресейлік mbаnd тобының қазақстандық әншісі), саксофонист Ермек Меденов, Елена Терлеева, продюсер Ерлан Әлімов, Антон Зацепин, Кентал, әртістер: Арыстан Мырзагереев («Жаным» сериалы, «Рывок») пен Мәриям Думанова ("Қара шаңырақ" сериалы), Дәулет Болатбаев және т.б.
Мақпал Исабекова, Суперстар.кз, 6-ОРЫН

Стас Пьеха, 3-ОРЫН
Стас Пьеха әжесінің атағына тәуелді емес, жеке орындауындағы және дуэттегі әндерімен өз тыңдарманын қалыптастырып үлгерді. Екі жыл ТНТ арнасында жүргізуші болды, «Дауыс» жобасының украиналық нұсқасында тәлімгерлік етті, «Звезда в опере», «Хит» шоуларына қатысты, «Екі жұлдыздың» 4-маусымында Маша Кожевниковамен өнер көрсетті.
Гүлнар Селбаева, 10-ОРЫН
Кең диапазоны мен әртістік қабілеті биіктерге шығарды. «Казахи» квн-құрамасында, "әзіл-студио" комедиялық шоуларында өнер көрсетті. «Жұлдызды дода» пародия-сайысында түрлі образдарды сәтті алып шықты.
Зара, Фабрика звезд, 3-ОРЫН
31 жастағы Зарифа өнерге өте ерте қадам басқан. «Золотой грамафонда» бірнеше жыл қатарынан өз номинациясы бойынша үздік шығып отырды, сериалдарға шақырту алды, «До Ре», «Екі жұлдыз» бағдарламаларына қатысты, байқауларда қазылық етті.
Үркер тобы, Жас қанат, 2-ОРЫН
Топ талай хитті дүниеге әкелді, мүшелері жеке әнші ретінде де танымалдылыққа ие. «Махаббат әні» атты өлеңге түсірілген бейне-клип MTV Russia телеарнасында тегін ротацияға ие болған жалғыз қазақ клипі болды.
Мөлдір Әуелбекова, Суперстар.кз, 9-ОРЫН
Сүйкімділігімен-ақ есте қалатын, талантына да күдік туғызбайтын әнші. Бірнеше жыл «КешЮ» тобында өнер көрсетті, "Ғашық жүрек 1, 2" фильмдерінде басты рөлді ойнады, балалар конкурсында жюри болды, «Екі жұлдызға» қатысып, жеңіс жолында бақ сынаудан өз еркімен бас тартты.
Алексей Чумаков, Народный артист, 3-ОРЫН
Филипп Киркоровқа ұқсастығымен назарға ілігеді десе болады. «Европа плюс» тыңдармандары тарапынан қолдауға ие болды, өзі қатысқан «Народный артист» байқауымен аттас топта ән айтты, «Один в один» шоуының бірінші маусымында жеңімпаз, келесілерінде жюри болды, конкурстарда жас әншілерге ән жазды, өзінің «Чумовая вечеринка» бағдарламасында әншілермен сұхбат жүргізді, кітап жазды, бетперде жасау/жинау қырымен де танымал.
Музыкалық байқауларға қатысып, ЖЕҢБЕСЕ де өнерде өз есімін қалыптастырған әншілер тізімі мұнымен бітпейді: Әлішер Кәрімов, БиС, Инь-Янь, Фабрика топтары, Айқын, Наталья Подольская, Айлан, Анатолий Цой (ресейлік mbаnd тобының қазақстандық әншісі), саксофонист Ермек Меденов, Елена Терлеева, продюсер Ерлан Әлімов, Антон Зацепин, Кентал, әртістер: Арыстан Мырзагереев («Жаным» сериалы, «Рывок») пен Мәриям Думанова ("Қара шаңырақ" сериалы), Дәулет Болатбаев және т.б.
Негізі, сол кезде «ыңғайсыз» нөмірлерді эфирге шығарып ұйымдастырушылар қате қылды, өйтпеу керек еді, өзгені мазақ қылды, өздері абырой таппады. «Ондай таланттар» қазір де бар, Қазақстан дауысына да қатысты деп ойлаймын, бірақ эфирде көрсетпеу арқылы жоба почти мінсіз болды )