Жігіттерде жан тәтті

Блог - saulesaule91: Жігіттерде жан тәтті
Кеше біздің үйдің жігіттері пайғамбарымыздың (с.ғ.с) сүннеті саналатын – хиджама жасатты. Пайғамбарымыз: «Ақиқатында, қан алдыру – сауықтырады»,–деген. Хиджама сөзі араб тілінен аударғанда «сору» деген мағынаны білдіреді.
Адам баласы тумысынан өзі көбен көріп, қолмен ұстамаған нәрсесіне сенбеуі, күмән келтіретіні белгілі. Сол ізбен алғашында бұлар жасатсақ па, жоқ па деген екіұдай оймен алысқан. Хирург Қайыргелді ағаның сөзімен айтсақ хиджама дегеніміз – денедегі лас кірді сыртқа шығарып, орнын малғұн жүрмеген жаңа қанмен толтыру. Сонымен қатар, түрлі аурулардың, соның ішінде қан қысымы, бас ауруы, қан қоюлануы мен рухани кеселдердің алдын алуға шипасы мол көрінеді.

Блог - saulesaule91: Жігіттерде жан тәтті

Жездесі мен балдызы ұзақ ойлана келе, ағамызды үйге шақыртып, бас аман болса шаш өсер-ау деген үмітпен тап-тақыр етіп алдыртты да, аяқтан, белден, қарақұстың жаны мен желке тұстан, бастан 1 литрге жуық қан алдыртты. Бұл қылығын дос-жаран мен туыстар еріккеннің ермегі десті. Алайда, бас жарылса бөрік ішінде дегендей, екеуінің басы мен бүкіл денесі сырқырап ауыратынын ел қайдан білсін? Дәрі-дәрмек аса дәру болмаған соң, хиджама жасатуға тоқтады. О, қайран бастар-ай, бірінің басы жол апаты кезінде көліктің алдыңғы терезесін жарып өтсе, енді бірінің басы түрлі төбелестердің тірі куәгеріндей. Шаш байғұс білдірмейді екен талайды, ал алынып тасталғанда бастың терісі бәрін «жайып салды». Нәтижесінде, ұйып қалған қан түйдек-түйдегімен банкаға жабысқан күйі әрең түсті.
40-қа таяған Қайыргелді ағамыз медицина білімін Семейде алыпты. Демек, мектеп дұрыс деген сөз. Оның сөзінше, әртүрлі жағдаймен денесінен 1 литр қан кеткен адамды жан сақтау бөліміне жедел түрде жеткізеді екен. 1 литрге жуық қан алған хиджама процесінен соң бұлар тіпті «көзіміз ашылды, мынау бір керемет екен» деп сайрааап отырды. Хиджама арнайы ауа толтырылатын 100 гр болатындай банкалар арқылы және өткір ұстараның (лезвия) күшімен жасалды. Бірақ мұнда ешқандай күш жұмсалмайды, сондықтан дене ауырмайды, жасатқандардың айтуынша, Сарыарқаның сарышұнақ аязы шымшығандай ғана әсер береді екен. Қалай дегенмен де, жігіттер жағы укол салдыруға, қан алдыруға, денесіне қандай да медициналық үшкір зат жақындатудан өлердей қорқатынына көзім жетті. Шым-шым еткен қанның өзіне шыдай алмайды, өлеңдетті.
Әйел заты біз неткен шыдамды едік, литр қан былай тұрсын, қан иісінен жүрек айнып жатса да, бозарған күйі үнсіз ғана жүре береді екенбіз. Жан тәттісін жігіттер біледі, ем болсын!
Бөлісу:

9 пікір

merekeee
Сұмдық екен… Ал, тек еркектер ғана жасата ма екен?..
NurahanAldashov
Кай калада жане ким жасайды?
asaubota
кеше 3500 рет оқылыпты осы мақала. қай жерде бөлісілді екен? :)
KurmanaliKalmahan
Иә, негізі дұрыс. Арам қанды алдырту керек. Бірақ, телефон нөмірлері, қайда қала жасалады?, сондай мәліметтер болуы керек еді. Нөмірі қандай екен?
Kutpegen-konak
Мен қан алдырту жайында көп естігем. Бірақ баланың ойыны сияқты кез келген адамға жасатуға болмайды. Егер дұрыс болмай қалған жағдайда, адамға кері әсер етіп, басқа ауруға шалдығуы мүмкін. Сондықтан ер азаматтар нар тәуекел етпей, ақ қарасын анықтап алғандарыңыз абзал.
DinaAbdigalieva
мдаааааа неше түрлі болады бұл өмірде