Дүниеде арға пана жоқ,
«Доминоға» дауа жоқ.
«Для тебя» деген Дерикте,
Я қарындас, я ана жоқ.
Айсұлу деген әртісте,
Абырой да жоқ, сана жоқ.
Махаббат деген ұғымда,
Бұл күнде биік баға жоқ.
Қазақтың арын таптайтын,
Клиптерде қара көп.
Дақпырт қып күнде жатады,
Дарақыларды дара деп.
Қазіргі қазақ қауымын,
Сүйісу, секс, құмарлық,
Сескендірмейді тоба деп.
Арымыз қалғып барады,
Халіміз біздің хана боп.
Әй, Әзімбайдың еркесі,
Шоу бизнестің шәлкесі.
Көрінгендерге төсек пе еді,
Кермарал қыздың өр төсі!?
Көрінгендерге тоят па еді,
Өрімдей қыздың әукесі.
Дінімнен, ділден бездірген,
Демократияңның дерті осы.
Айсұлу, сұлу деп пе еді-ау,
Сұлудың сыны бетте ме-ау.
Көңілмен ұқсақ жетпей ме,
Сүюдің сәні к… ме-ау!?
Сериалдардың сайқалы,
Киноға шыққан көкпері-ау.
«Келінде» ойнап бір әпкең,
Сүйікті болам деп жүріп,
Күйікті болып кеткен-ау.
Солардың ізін жалғарсың,
Жетеңізге жетпеді-ау.
Клипке түсер кезінде,
Киені бастан тепкен-ау.
Ұядан ұшар шағында,
Ұятты ілмей кеткен-ау.
Тобыр емес қой тілеулі ел,
Тобырды тосып, тіреу бол.
Тәніне тәнті етем деп,
Табысқа талай жетем деп,
Түсірген, түскен клипке,
Некесіз туған біреулер.
Сүймейтін ерден қашқанда,
Сүйіктісіне құдай қосқанда.
Символы болып ғашықтың,
Айналғандар бар дастанға.
Алайда, мынау клипті
Келмейді мүлдем қостауға.
Сүйкімсіз іске беріліп,
Сиыр сүйіске елігіп,
Шампанын атып аспанға.
Шарапқа шыли шашалып,
Анашасына қақалып,
Айналған мәңгүрт мастарға.
Зинаны еткен насихат,
Зауалын тілеп достарға,
Жынданыратын жарнама
Жақсылық бермес жастарға.
Бұл клипті екі жақты, екі түрлі көзқараста бағаладым өзім. Енді көптің де пікіріне қосылам бір көзқарасымда, баламыздың, қызымыздың бұл кейіпкерлердей болуын ойласаң «Шошынып қаласың»,, олай қаламайсың. Құдааай сақтасын! Мына әп-әдемі қызды жер-жебіріне жетіп балағаттағың келеді, әкесі, ағасы, бауыры көрмес пе екен бұл бейнебаянды деп?! Олар қайда қарап жүр?-деп. Бірақ, олай істейін десең одан оған келіп кетер дәнеңе де жоқ. Әркім санасының жеткен жеріне дейін әрекет қылады ғой. Тәрбиелеу мүмкін емес алыстан. Балаларға жаман тәрбие береді-деп қорықсаңыз, сол клипті көргенде жиіркенетін әсер алатын бала қылып тәрбиелеу өзіміздің қолымызда ғой. Сіз қазақша эротикаға қарсы болғаныңызбен, көрем деген, немісше, индийсше, эңглышша тауып қарай береді ғой.
Екінші, көзқарасым айтады: Меніңше, бұл клипте жастардың жеке, көрсетпей жасайтын әрекеттері ашық көрсетілген. Тәрбиелеу мақсатында шығарылған клип емес, тек жеке қалған жастар немен айналысатынын ашық көрсеткен. Және оны сюжетке ендірген. Бәрі бірдей күйеуінен той үстінде қашуы міндетті емес...Әрине, барлық жастың ермегі осы деуден аулақпын. Топты, мақтаудан да, даттаудан да аулақпын. Сүйсініп тыңдап немесе клипін қайта қайта қарап рухани ләззат алам дей алмаймын. Әркім санасының жеткенін, қолынан келгенін жасайтын боп кетті ғо, че то…
Әнеукүні «ыңғайсыз» клиптерден үзінді көрсетіп жатыр екен, Диас Абылайдың «бір қызық» клибінде де Айсұлу Әзімбай — кейіпкер. Ресейде ме, басқа елде өскен деседі, «анайы сценалардан бас тартпаймын» деген сұхбатын көргем. «Сериалдардың сайқалы» — жала )), өзім көрген сериалдарда ондайын байқамадым.
енді өмір бойы қосетек көйлек киіп, анаааау сайдың ар жағына кете беруі керек пе. Ноп-нормальный клип. Сценарийі енді жынды емес. Драмматургияны күшейткісі келсе, басқа да амалдар бар еді, тойдан қашу, қып-қызыл жұдырықтан басқа.
Екінші, көзқарасым айтады: Меніңше, бұл клипте жастардың жеке, көрсетпей жасайтын әрекеттері ашық көрсетілген. Тәрбиелеу мақсатында шығарылған клип емес, тек жеке қалған жастар немен айналысатынын ашық көрсеткен. Және оны сюжетке ендірген. Бәрі бірдей күйеуінен той үстінде қашуы міндетті емес...Әрине, барлық жастың ермегі осы деуден аулақпын. Топты, мақтаудан да, даттаудан да аулақпын. Сүйсініп тыңдап немесе клипін қайта қайта қарап рухани ләззат алам дей алмаймын. Әркім санасының жеткенін, қолынан келгенін жасайтын боп кетті ғо, че то…