Ақтаудың боқ қарыны, Алмас Алтай,
Бітісің бөлек екен борбас нарша-ай.
Шірнесіне шашалып «шешен» тілдің,
Көсемсисің Ток-Шоуда шалтай-балтай.
Ши борбай жігіт ең ғой кеше ғана,
Шел басып өн бойыңды балпай, жалпай,
Бес айлығың салақтап экраннан,
Буаз қатын секілді талтай, талтай.
«Керек инфода» күйсейсің күндіз-түні,
Көкірегіңді кере түс, шалқай, шалқай!
Бұлайша теңемес ем, ұқсамаса
Болмысың мен бітімің малға сонша-ай.
Эфирден «Қазақпын» деп безілдейсің,
Ұлттық мүдде ең ұлық сезім дейсің.
Былай шыға «Адаймын-Құдаймын» деп,
Ат төбелі руыңды көзірлейсің.
Құдайға ширк қосқан қылығыңмен,
Орныңды жаһаннамнан әзірлейсің.
1987-нің семіз төлі,
Байқаймын екі абысын емізгені.
Әрі ақын, композитор, әрі әнші,
Өнермен дейді жұрттар егіз сені.
Керуеннің жанынан өткен халық,
Домбыраңнан таниды тегіс сені.
Айтпақшы, қасыңдағы Майлыбаев,
Қазақ па еді, жоқ әлде кәріс пе еді?!
Сыртың дүрдей болғанмен ішің қуыс,
Дүйім жұрттың сенбісің дәріскері.
«Астанада» ғаламтордан ғақлия айттың,
«Еуразия 1»-де таптаурын таныс жолы.
Орыстың көшірілген ток-шоуымен,
Арыстың болмақсың ба намыскері!
Планшет — он үшінші мүшең сенің,
Қолыңды қайда жүрсең кісендедің.
Фотоға жатып түсіп, ішіп түсіп,
Тышып түсіп, өнбеді-ау күш еңбегің.
Өз өзіне өлердей ғашық болған,
О тоба, неткен кінәз, кісі ең керім!!!
Дамбалсыз киетінің тар джинсы еді,
Жалаң бұт жалт-жұлт еткен болдың сері.
Үш арсызбен дос болып семіріпсің,
Тамаққа болу керек талғам шегі.
Момындай майда сақал қойсаң-дағы,
Мунафиқ қып танытады мордаң сені.
Дегенде Алмас Алтай, Ақтау Алмас,
Ел жақтаған жігіттен мақтау қалмас.
Дәл мендей сені ешкім даттай алмас,
Шындықтан ешкім бірақ аттай алмас!
Дамбалсыз күн суыққа жүремін деп,
Дәрменіңді ап жүрме сақтай, Алмас!!!
Меніңше автордың Алмас Алтайға қатты реніші ма, өкпесі ма бардай ма?! Не де болса, мұнша даттауға болмас еді ғой. Ренішін неге жеке жеткізбеске? Бұл-әзіл емес! Жалпы, көпшілікке белгісіз бір себеп бар екені аян бұлай шабыттануына. Бостан-басқа бұлай жазбаған шығар?! Дегенмен, оқығанда елдер сияқты күлкім келмеді…
Маған да солай көрінген. Комменттерді оқығасын барып олай емес екен деген ойға келгем. Батыста бұлай сөйлеу қалыпты жағдай дегенді естігенмін. Әзіл де болуы мүмкін, егер автор да батыстық болса.
ойбоой не дейт?! Боқсың, Көтсің деп әзілдескен Батыста емес, Сіз-Біздесіп тұрып тігіп кететін Оңтүстікте тұрғаным қандай жақсы болған онда))))) майлап, жайлап жеткізеді ғой біз жақта әзілді де)
Жиен болған соң жазамыз ғой, ащы қалжыңды қабылдайтын нағашы бар болған соң, достар, тым қатты сөкпеңіздер, бәрі қалжың, ешкімге, ешқандай тіс қайрап, ала алмай жүрген ақым жоқ
Әрбір әзілдің астарында шындық жататыны аян! Дегенмен, бұл әзілді жарияламас бұрын, өзіңіздің нағашыңыздан рұқсат сұрағаныңыз дұрыс секілді. Сіз екеу ара әзіл деп түсінсеңіздер, оқыған жұрт басқаша қабылдауы мүмкін. Ел таныған адамның да абыройына нұқсан!)
автор,өзіңді бір кереметпін деп ойлайтын сияқтысың. Бірақ жазғаныңа қарағанда тәрбиең де, талантың да, ақылың да байқалмайды, жәй қазақша көреалмаушылық
:((((((. Жазған фейк сияқты, жігіт, бірақ жігіт болып Алмасқа айта алмай,қыз болып айтып тұр.
Әй, қазақтар-ай, осы неге біз сын көтере алмаймыз, бірден көре алмаушылық деп шорт кесеміз?! Бәлкім, мен Алмасқа пиар жасап жатқан шығармын (пиар қандай түсте де — пиар) немесе жеке байланысым бар шығар, оның іші бірдеңені сезген соң үндемейтін болар)))?! Ал, Сіз менің жынысымды жобалайтындай, сықақ өлеңдегі бас кейіпкер нағашымның кімі едіңіз? Алмас аға, біздің бүгінгі жоспарымыз бәріне шын мәнінде "ӨТТІ".
aza ның тарапынан реакция бар ма, өзі? жоқ болса, онда бірін-бірін танитын болғаны :)
әйтпесе, Алмас Алтай өзі танымайтын біреулердің мұндай шығарғанына жай қарап отыратынға ұқсамайды :)
Рахмет. Талай қалжыңды көрдік қой, бұндайына алғаш кездесуіміз екен. Онша жақсы сезім емес екен:) Енді әркім өз деңгейінде сараптама жасай жатар. Мен ештеңе дегім келіп тұрған жоқ. Сосын бұдан дабырайтып талқылау қылар дау жасаудың қажеті жоқ секілді, әрі менен де қандай да бір жауап, реакция күту де мағынасыз. Тілектестеріме рахмет, мысық тілеулі пенделерге алғыс. Бәрі өтпелі!
:((((((. Жазған фейк сияқты, жігіт, бірақ жігіт болып Алмасқа айта алмай,қыз болып айтып тұр.
Ну ладно, Алмас өзі рұқсат етсе, болар.
Бәрібір мұнда кемсіту > әзіл
пы.сы. Өлеңнің көркемдің құндылығына қатысты пікір жазбаймын деп шештім.
әйтпесе, Алмас Алтай өзі танымайтын біреулердің мұндай шығарғанына жай қарап отыратынға ұқсамайды :)