Қазақсың ба?!

Қыз:
— Қазақсың ба?
Деп сұрап ем мұңайдың,
Көре тұрып, амалым не
шыдаймын.
Сұлу көрік сыйласа да бейнеңе,
Сұлу тілді сыйламапты-ау
құдайым.

Не қасірет,
Мәңгүрттік пе көргенім,
Өкініштің өкпегінде күйгемін.
Сен бе әлі де ата-анаң ба?
Япыр-ау,
Өзін-өзі сыйлай алмай жүрген кім?

1-жігіт:
— Кешір оны!
Қалай айтам себебін?!
Кеш түсінді-ау ана тілдің
керегін.
Ата-ана ма,
Заман ба әлде кінәлі,
Көрді мүмкін бодандықтың
тежеуін.

Көп адамда бар осындай кешірме,
Қалмасын деп замананың
көшінен,
Апасы оны орыс тілде оқытты,
Тіпті үйі де ана тілсіз өсірген.

Қыз:
—Cен кім едің біреу үшін
сөйлейтін?
Осы тағдыр арашаға көнбейтін.
Екі Қазақ аудармашы жалдаса,
Бұл сұмдыққа қалай ғана
төзбейсің?!

Осы ма еді өскендігі сананың?!
Жыға алмасаң отарлықтың
жалауын.
Күн кешіріп тіліменен өзгенің,
Белгілі ме содан бақыт
табарың?!

1-жігіт:
— Иә, солай,
Досы едім сері жігіттің,
Досым үшін амалым не
күрсіндім.
Үйренуге талпынады, рухы өр,
Үйретуге менде бірге ұмтылдым.

Рухы жоқ,
Құр білімін сүйреткен,
Адам аз ба ауырған бұл індетпен.
Имансыз бен ұждансыздар
көбейді,
Бұл қасірет мені бірге жүдеткен!

Қыз:
— Дайын айтар сылтауы да ағаның,
Мына заман ашады алда аранын.
Дін мен тілден,
Айрылсаң ділінен
Кім құтқарар,
Айтшы сені, Қазағым?

1-жігіт:
— Апаңның да сылтауы бар
жетеді,
Сонда кімдер бізге аналық етеді,
Құлы болып ақша менен
атақтың,
Өкінішті-ақ, талай дарын өшеді!

ҚЫЗ:
— Қазақсың ба?
Қазақпын де ендеше,
Қойсын мейлі өзге жандар
сенбесе.
Қазақ тілде сөйлесейік, кел, Қалқам!
Үйретейін, тіпті тілің келмесе.

Қазақсың ба?!
Қазақпын де мәңгілік,
Қинаса да көңілінді сан күдік.
Бір ашайық шаңырағын
Қазақтың,
Жіберсе де құрғыр тірлік жарлы
қып.
Жігіт:
Мен сөйлесем Ана тілде, Қарағым,
Білем сонда көңілің жай
табарын.
Бақыттымын ана тілмен өзіңнің
Жаулай алсам жүрегіңнің
жанарын.

Сөйлесейік ана тілде
екеуіміз,
Сонда нағыз бақытты боп
өтерміз.
Қазақилап түзетейік бесікті,
Ел болатын есті ұрпақ екенбіз.

Тербетеміз махаббаттың бесігін,
Өшірмейміз ұлылардың есімін.
Ана тілмен, салт-сананы
құрметтеп,
Бірге ашамыз ақ отаудың есігін!

Бірлікте:

Қуат алған ананың ақ
сүтінен,
Біз жастармыз барлығын
түсінген.
Сеніңіздер жастарына Қазақтың,
Болашақты жарататын ісімен!

(Т.Ақниет)
Бөлісу:

10 пікір

qonyrbai
Девченка:
— Ты русский?
Спросила я вдруг.
MERmukhanov
И ответил ей милый друг:
— Я, блеать, космополит,
И родня мне земной круг.
— Сам не знаешь, мать гуляла?
— Фигня такая, угадала...

))))
)))))
AknietTanirbergenkyzy
Әрі қарай аударыңыз, бастама жаман емес!)
qonyrbai
Не ругай русхоғо, парень русский!
Росія это ж мир только русский.
И на Земле, и в космосе,
Пусть славітся имя русхое.
VKM
күлкілі ештеме көріп отырған жоқпын(
merekeee
Қыз жігіттен сұрады, жігіттің өзі емес досы жауап берді, сосын өзі қазақша сөйледі, сосын үшеуі бірге айтты. Солай ма? )