Жұлдызым менің...
Астананың осындай ауа райынан ешқандай да жұлдыз көре алмай жүрмін. Ұйқысыз өткізген әрбір түнде аспандағы жұлдыздарға қарап, сені көргендей болатынмын. Сырласам, бетіңе тіке қарап айта алмайтын нәрсені аспандағы жарқ-жұрқ еткен жұлдыздарға қарап айтамын. Қайда жүрсең жұлдыздар саған менің сөзімді, сезімімді жеткізетін секілді көрінеді. Әттең-ай, соңғы күндері аспанда еш жұлдыз көрінбейді, яғни менің сені көрмегелі, саған сырымды айтпағалы біраз уақыт өтті. Тезірек үйге барсам ғой… онда айлы түні жұлдыздар анық көрінеді. Жалпы, бір жағынан, үйге сол үшін де асығатын секілдімін. Жұлдыз арқылы сенімен сырласу үшін. Ия, басқалары мойындамаса да, сен менің ең жарық жұлдызымсың!
3 пікір