Лифтіде

Жұма күні жұмыстан кеш қайттым. Түнгі 2 немесе 3 шамасы болуы тиіс. Зәулім ғимаратта менен басқа адам көрінбейді. Күндіз адам қарасы үзілмейтін, абыр-сабыр болатын ғимараттың ішінде мүлгіген тыныштық.
Блог - hannibal: Лифтіде
10 қабатта отырамыз. Жоғарыда тағы 6 қабат бар. Күндіз қоғамдық көліктің қызметін атқаратын лифтілерді ұзақ күтуші ем, бұ жолы зыр етіп жетіп келді. Лифтіге мініп, 1 қабат түймесін бастым. 9 қабат, 8 қабат… түсіп келем. 7 қабатқа келгенде әй бір ішім бүріп, осырғым келсін. Әрі-бері қысуға болса да, сол сәтте жіберсем бір рахат сезімге бөленердей болдым. Осы ойдың жетегінде тұрғанда 5 қабатқа да кеп қаппын. Содан көп ойланбадым, түн жарымында енді лифтіге кім мінер деп жиырылған көттің қатпарларын босатып қоя бердім. Тарс етпеді, гүрррррррррррр етті. Кең дүние, міне рахат! Осы рахатымды бұзған 4 қабаттан мінген еден жуушы қыз емес пе, елки! Шелегі мен сулы шүберегін ұстап кіріп келсін. Лифтінің ішіндегі иіс ол түгіл өзіме сезіліп тұр. Дәп сол мәментте ішіме ит өлгендей. Дәл сол сәтте 4 қабат пен 1 қабаттың арасынан Атырау мен Өскеменнің арасы жақын шығар, бәлкім!
Бастарыңа бермесін, блә!
Бөлісу:

3 пікір

qonyrbai
Кішкене шыдағанда, әлгі қыз мінген жерден шыдамай қалсаң, сонда не болар еді?
ademi_alem
Дәл сол сәтте 4 қабат пен 1 қабаттың арасынан Атырау мен Өскеменнің арасы жақын шығар, бәлкім!
Қандай теңеу! )))