Жанар Дуғалова: "Финалдың алдында, түнімен жылап шықтым..."

Татарстанның Қазан қаласында Turkvizyon-2014 байқауында Қазақстанның абыройын асқақтатқан Жанар Дұғалова елге келді. Байқауда керемет өнер көрсетіп, делебеңді қоздыратын ән айтып, жеңіске жеткен Жанарға халқымыз дән риза.
Сұлу да өнерлі қыздың сөзіне құлақ түрейік.
Бөлісу:

12 пікір

kaztube
Жанар біразын мойындатты
ademi_alem
Жанардың фамилиясы қалай? Доғалова ма, Жұғалова ма, Дуғалова ма? Әр жерде әртүрлі жазылып жүр.
Beytanis
Анығын өзі ғана біледі. Құжатында «Дугалова» деп жазылса керек.
Beytanis
Аффтыр бір жазбаның өзінде үш түрлі жазыпты. Тақырыпта басқа, сөйлемнің ішінде басқа, ілмекте басқа. Аффтыр.)))
ademi_alem
Иә, өткендегі жазбада Доғалова деп жазған.
Tyulpan
Жанардың маған сөйлей алуы ұнайды. қазақстанда қанша әншілер жүр жүргізуші болып — сөйлей алмайды. мысалы, Алмас Кішкенбаев, Мақпал Исабекова, Мадина Садуақасова т.б…
Жанар өнеріне өте қатты берілген адам екенін көрдім. содан соң, юморы мықты қыз екенін бір бағдарламалардан көріп қалып едім. ризамын Жанарға
Gastarbaiter
Әншілерді бағалау критерийлеріңіз қызық екен.
Tyulpan
оның кәсібилігі, вокалының мықтылығы, сахнаға қойылатын талаптардың бәріне дерлік сай екенін несіне қайта-қайта айта берейін?)) содан соң, өнер адамы жан-жақты болу керек деген ұстанымдамын. әншілерді оқытқанда сахна тілі, актерлық шеберлік деген сияқты пәндер жүргізіледі. егер «жұлдыздар фабрикасы» сияқты хабарларды көрсеңіз, оларға да осы сияқтылардан мастер-кластар жүргізіледі… (бірақ, спортшыларға ондай талап қоя алмаймын, олардың жолы басқа).

ана аталған кісілер жүргізуші де бола аламыз деп алады да, сөйлей алмай, бәрін бұзып жібереді. одан да әндерін айтып жүре бермей ма? Алмас Кішкенбаевты, әсіресе, Лейла Сұлтанқызымен бірге реалити-шоу жүргізгенін көрсеңіз ғой…
Gastarbaiter
алыспын ол темадан. Менің тыңдайтын адамдарым кілең наркоман, алқаш, передоздан өз құсығына тұншығып өлгендер. «Сүйікті сусыным „қымыз“, иншалла, жаңа альбомымыз келесі айда дайын боп қалады. Алла қаласа, клипымыз де дайын боп қалады» деген сұхбаттар бермейд.
Gastarbaiter
Жанардың арқасында Turkvision деген шараның барын білдім.