«ҚАЗІР ЕРКЕК АТАУЛЫЛАР ЖОҚ» деп жар салмаймын!
Әйел затымен салғысласып, ұрысып сөйлесу, қоғамдық көліктерде жарысып орындыққа таласу, жол беруді білмей, қағып өту, өзгені әңгіме қылып, өсек айту, ең қызығы, машиналарын дұрыс тұраққа да қоя алмай, дұрыс айдамау – қазіргі заманғы жігіт атаулының тән қасиеттері осы ма? Қарапайым жағдай бүгін жолаушылар көлігінде адамның көп болғаны сонша – қыстырылысып, езіліп қала жаздадық. Жан-жағыма қарасам, тұрғандардың көпшілігі қолдарында ауыр жүктері бар үлкен апайлар, баласымен тұрған келіншектер, қыздар және жас жігіттер. Ал отырғандарда бірінші болып көзіме түскендері жасы үлкен қариялар болған. Үңіліп қарасам, екі аяғы, қолы сау орта жастағы «еркектер» ұйықтап отыр. Кондуктор қайта-қайта тұспалдап «орын береміз» десе де, ыңқылдап тұрған әйел затына мыңқ ететін оларда жоқ! Одан өзге күнделікті мені қағып кететіндер қаншама… Наушниксіз жүрген кездері жігіттердің қыздардың киімі мен бояулары жайында айтқан әңгімелерін де бірнеше рет құлағым шалып қалған еді. Жүре берсең неше түрлісін көреді екенсің. Айта берсең әңгіме көп.
Қалай десек те, кейбір әлеуметтік желіні қолданушыларының жазғандары сияқты жалпылай, айқайлап «ҚАЗІРГІ ҚЫЗДАР БҰЗЫЛҒАН» дегендей, «ҚАЗІР ЕРКЕК АТАУЛЫЛАР ЖОҚ» деп жар салмаймын. Себебі, ер азаматтар қатарына менің әкем, аға-інім, ұстаздарым мен тәлім-тәрбие алып жүрген ағалар кіреді. Дегенмен, бәрі болмаса да, көпшілігіне жоғарыда айтылған жиіркенішті қасиеттер тән. Өкінішті – ақ!
P.S. сурет facebook әлеуметтік желісінен алынды.
осындағылардың көбі сөйтетініне сенімдімін
Емдеу үшін: құмырсқаның аяғы, тышқанның құйрығы, ErbolAliaskaruly ның бұтағы керек
Сонда бұл кісінің осы жердегі біреудің аяулы әкесі, ең сорақысы — шешесі болып шығуы мүмкін екенін ойламадың ба!
Постскриптум қызметтік хаттарда мынадай екі жағдайда ғана жазылады.
Адресатқа міндетті түрде жеткізілуі тиіс мәлімет хаттың негізгі мазмұнында айтылмай қалса, хат дайындалып қол қойылып койса, қойылған қолдан кейін «P.S.» белгісі қойылып, қосымша айтылатын мәлімет жазылады. "