Алтелден "Әмбебап нөмір"

Блог - Daniar-Alan: Алтелден Әмбебап нөмір

"Қазақтелеком" деген мекемені білесіздер ғой ия? ;) Ия, ия тап сол… биыл 20 жылдығын өткізіп жатқан мекеме. Осы 20 жылдық мерекелерінің құрметіне орай биыл блогшыларды шақырып, былайша айтқанда «бізді көріп, өзін көрсетіп» блогтурлар ұйымдастырып жатыр. Өткенде осы ұйым шақыртуымен Кереку, Семей, Өскемен қалаларына барып қайтқандығымыз естеріңізде болар?!
Бұл жолы блогтур Көкшетау мен Қызылжар қалаларында өтті. Жалпы мәлімет, технология шамамен алдыңғы өткен үш қаладағыдай ғой… Оны қайтадан айтып миларыңызды ашытпай ақ қояйын.
Көкшетауға барған күні, Қазақтелекомның «баласы» Алтел компаниясының жаңа өнімі — "Әмбебап нөмір" қызметі Ақмола облысында іске қосылыпты. Бүгінгі тақырып осы қызмет туралы :)

Блог - Daniar-Alan: Алтелден Әмбебап нөмір

Біз барған кезімізде Қазақтелеком менеджерлері осы қызметтің Ақмола облысы бойынша ең алғашқы тұтынушысы — Даирова Саяны құттықтау үстінде екен. Ең алғашқы тұтынушысы ретінде кішігірім сыйлығын берді ;)

Блог - Daniar-Alan: Алтелден Әмбебап нөмір
Сонымен… "Әмбебап нөмір" дегеніміз не? Бұл жәй қарапайым симка :) Ерекшелігі — қалалық және мобильді байланыс осы бір симкада орналасқан. Мәселен сіз 87084250000 деген нөмір алсаңыз, соңғы 6 нөмірі, яғни 25-00-00 нөмірі кәдімгі үй телефоны секілді жүреді. Арнайы телефон алып жатудың қажеті жоқ. GSM-ді қабылдайтын телефоныңыз болса жеткілікті. Негізі, 2 симкалы нөмір сатып алып Алтел нөмірін үй телефоны ретінде пайдаланған дұрыс секілді ;)
Тарифтік жоспары екеу: стандарт және базалық.
Базалық тарифтік жоспарының айына 1990 теңге абоненттік төлемі бар. Бұл тарифпен қала ішіндегі байланыс — тегін, желі ішілік (яғни алтел мен алтелге) — тегін, басқа операторларға — 11 теңге. Тағы бір үлкен артықшылығы — айына 200 смс тегін.
Стандартты тарифтің абоненттік төлемі — 2340 теңге. Базалық тарифтен айырмашылығы интернетке 500 мБ трафик беріледі.
Айта кетейін бұл анау айтқандай айырмашылық емес…

Қалай пайдаланамыз?

Мен аздап кәсіпкерлікпен айналысып жүрмін ;) Маған Алтел ұсынысы өте тартымды көрінді. Бизнес үлкен емес. Офиске арнайы телефон қондырып, заңды тұлға ретінде телефон үшін 3 есе баға төлеу мен үшін қиындау. Сондықтан, егер алтел нөмірін сатып алсам (айта кету керек, симка тегін беріледі. Тек абоненттік төлем бағасымен сатып аласыз), стандартты тарифін алар едім. Бір ғана алтелді пайдалану қымбатқа түседі. Сондықтан екі симкалы телефон алып, біреуіне көңілім қалаған басқа операторды (менің жағдайымда теле2 ;)) салып, оны мобильді телефондарға пайдаланамын. Ал қала ішілік телефон әрдайым жанымда. Телефон үшін офисте байланып отыру қажет емес. А ия… айтпақшы факс қызметі кірмеген бұл тарифке ;) Ал 200 смс-ті қалай пайдаланам? Әлбетте рассылка. Смс-рассылка менің бизнесімді дамытуға аздап болса да үлес қосар еді :) Тым мақтап кеттім ба? Әлі де болса бір минусы бар: желі билайн секілді барлық жерде жоқ. Трассада қызмет жарамсыз. Әзірге тек қала ішінде.
Шынымды айтайын әлі бұл қызметті қосқаным жоқ. Себеп қарапайым: телефоным 2 симкалы емес. Бірақ жақын күндері қосамын.
Егер сұрақтар туындап жатса: мына сілтемені басып, толық ақпарат ала аласыздар.
P.S: Егер сіз қазақтелеком тұтынушысы болсаңыз, яғни үйіңізде телефон болса, симканы сатып алып, үй нөмірін осы симкаға «байлап» қоюға болады :)
Бөлісу:

3 пікір

merekeee
Радиотелефоннан да ыңғайлы, бірақ, қалтаңда кетіп қалса үйдегілерің ренжімесін дегендей ғой )
Дегенмен, қызмет, офис үшін өте-мөте ыңғайлы екен!
ZhandauletAliev
Бұл деген әрине керемет мүмкіндік, дәл қазіргі кезде уақыттың өзі ақша, сондықтан үй телефонның сымдарын тартқызыпжүргенше, бір симканы аласалған дұрыс, екі қоянды бір оқпен атқандай