Күнәһар пенде

Күнәһар пенде

Қос жанары көкке телмірген Гауһардың ес-түссіз жатқанына екі күннің жүзі болды. Екі күн екі ғасырға айналғандай. Жұтынғанда жұтқыншақты қан жуды. Өзекті кернеген өкініш, еңсені езе түсті. Қызғалдақтай құлпырған Гауһарының мына күйге түсуі, Шерханды еріксіз егде тартқызып жіберді. Осыдан екі күн бұрын кәрі жүрегі әлде бір жамандықты сезгендей түн ауа шаншып мазасын алады. Шіліңгір шілденің ыстығынан болар деп ойлаған Шерхан орыныннан тұрып, ұзын дәлізді бойлай ас үйді бетке алды. Ондағы ойы бір жұтым су ішу. Кезерген еріннің шөлін басу. Үй іші өлі тыныштық. Тек, қабырғаға ілінген ескі ағаш сағат тілі ғана әлсін-әлсін соғуда. Қабырғаға ілінген сағатқа қарап ұзақ көз тоқтатқан Шерхан өз ойынан өзі шошы түскені. Зер салып қараса сағаттың тілшесі 04:20-ны көрсетіп тұр. Аздаған уақыттан соң таң атып, пенде біткен күйбең тіршіліктің қамытын киіп абыр-сабыр өмір базарына араласып кетеді. Ал, мына өлі тыныштық қас-қағым сәтте ұмытылып кете барады. Кенет телефоны құрғыр безек қағып қоя берді. «Түн баласы тыныштықпа екен? Астафураллаһ! Қайырлы болғай...», — өзі мен өзі сөйлесіп телефонның тұтқасын көтерді де, бейне бір құбыжық көргендей тілсіз қалды. Аяқ – қолы сірісіп қалғандай. Әлден уақыттан соң, не болғанын ұққан Шерхан телефон тұтқасын тастай салды. Қалбалақтаған қаңбақтай, қараңғылықтың тыныштығын бұза үйінің барлық жарығын қосып, ұйқыда жатқан Жәмиланы оятты.
— Тұр, бәйбіше бізді құдай сорлаты. Ауруханадан қоңырау шалды. Қызымыз Гауһар көпірден құлапты.
— Көпір? Құлағаны несі? Көкесі-ау, ол қалада оқып жүрген жоқ па?
— Тұрсаңшы болды. Заман ақыр болып жатса, сенің мына сөзіңе не жорық. Бол. Тездет. Әй, бәйбіше қара чемоданның ішіндегі азын аулақ ақшаныда ала шық.
— Мақұл… мақұл… О, алла! Көрсетпегенің осы ма еді? Не жаздық біз саған. О жасаған… Жаратқаааа-а-а-н!
Жәмилә, жылап жүріп қара чемоданды ақтарып қаржы алды. Жәмила кемсең қаға, жаратқанға арызын айтып жүріп киінді. Басына қолына түскен ескі шәлісін тағып, есікке қарап беттеді. Түн ішінде әке-шешесінің асыға сыртқа қарай бет алыстарынан бір жамандықтың болғанын Заңғар мен Әсел айтпай ұқты. Жанарларын жас жуа, қалаға қарай бет алған ата-аналарынан не жағдайдың болғанын сұрауға жүректері дау алмады.
Ауруханаға кірген бетте жансақтау бөліміне қарай асықты. Алға басқан аяқтары кері кетіп, жансақтау бөлімінің алдына жеткенше өздерініңде жандары шығып кеткендей. Жан сақтау бөлімінде мүшкіл хәлде жатқан Гауһарын көрген замат Жәмилә басынан орамалын шеше, жерге бүк түсе отырып жылап жіберді. Қызының шарасыз хәлі Шерханғада оңай тимеді. Көзбен көріп тұрсада әйелі Жәмиланы жұбатып, күні ертең оянады деп алдау сыратты. Дәрігерлер түсіндіріп айтпасада, қыздарының дертінің дауасыз екені көрген көзге анық еді. Аппараттардың көмегімен қимылсыз жатқан, сұлу Гауһар емес, әлде бір қуыршақ іспетті. Ботадай көздері жұмылып,ұйқы құшағында. Арада екі күн өте Гауһар есін жиды. Бірақ, орыныннан тұра алмады. Дәрігердің айтқаны дәл келді. Биіктіктен құлаған сәтінде беломыртқасы сынып, ағзасына айтарлықтай зиян келген. Өмір сүруге құмартқан жас жүрегінің мықтылығымен ғана шыбын жаны шықпай аман жатыр. Дәрінің күшімен сезбей жатса керек, болмаса жағы мен қабырғалары сынған. Ішкі органдарынада айтарлықтай зақым тиген. Екі күннің ішінде жуыла-жуыла оңған бөздей болған Гауһардың түрі тіптен аянышты. Өзінің не іске қадам басқанын жақ ашып айта алмасада, Гауһар еріксіз жылай береді. Оның қалтасынан табылған бір тілше хатта бары анық жазылған. «Бекзат бақыт меннен теріс айналыпты. Жанымда жанарыма жасырынған сорым ғана. Мен сол сорыммен біргемін. Тірліктің қыл көпірінен өте алмадым. Мені кешіріңдер. Бәріне кінәлі өзім ғана. Мен сүйдім. Өмірді, өздеріңді, тіршілік атаулыны сүйдім. Өмірдің көктеміне қуанып жүріп, ызғарлы күзін көрдім. Үміттеріңді ақтай алмасам, мен бейбақты кешіңдер. Қыздарыңыз ақымақтық іс жасамақ. Кешіңдер мен ақымақты. Білем, мені әсте әке-шешесі жоқ деп Нұрқанатқа жар болуыма рұхсат берместеріңізді білемін. Рас, сіздерге бұл жайында ашып айта алмадым. Нұрқанатта бірге бола алмаймыз дейді. Нұрқанатсыз ғұмыр кеше алмаймын. Сіздерден қарғыс емес, алғыс ала ақ келін атанғым келді. Әттең, мұның бәрі менің арманым болып қала бермек. Аяулы ана, сенің жаулығыңның ұшымен қуаныштың жасын сүрткеніңді қалап едім. Қараш, бәрі мен ойлағандай болмауда. Жаулығыңмен қайғының жасын құрғатпақсың. Асыл әкешім, сенің мақтаныңа айналар Гауһар тасың бола алмадым. Соңғы уақытта ботадай көздерімнен тек, ақмоншақ жас тамуда. Әке екі дүниеде де перзенттік алғысым шексіз.Өмірден баз кешіп, бақилық болып барамын. Ұмытпаңыздар, мен сендерді еріксіз қимай барамын. Апа-көке мен сіздердің үміттеріңізді ақтай алмадым. Кешіңдер мендей перзенттеріңді. Менің бұрымымды енді, ажал өріп, ажал тарқатар. Менің таңым енді қайта атпас. Ақымақ болған мені кешіңіздер! Сіздерді шексіз жақсы көретін перзентеріңіз Гауһар!»
Бүгін Гауһарды ауруханадан шығарды. Гауһарды емес, Гауһар қыздың өлі денесін шығарды. Ия, Шерхан қызының жанын мұнан артық қинағысы келмеді. Жан азабын тартып тұрсада, әкесін көргенде әлсін жымиатын ботақанын аяп кетті. Гауһарының енді қайта орыныннан қайта тұра алмайтыннын көтерседе, миына қан құйылғандықтан ақыл есінің алты жасар баланың ақылындай болатыннын естігенде қарт жүрегі бір тоқтап, қайта жүрді. Сынған қабырғаларыда сырқырап жан азабын еселей түсті. Тек, уколдың күшімен ғана ауырғанын білмей әлсін жымиып жатқанына 2-аптаның жүзі болды. Кім өз перзентін ажалға қисын. Шерханда амалсыздан өлместің күнін кешіп ішінен тынып жүр. Жәмилада жылай — жылай жанары суалғандай. Гауһарының өмірін қиюына себепкер болған Нұрқанатта аурухана табалдырығын тоздырып жүргеніне 2-апта. Жас баланың болашағына балта шапқысы келмеген Шерхан Нұрқанатты кешірді. Жаратқанның жазмышына көнгеннен өзге адамда амал бар ма? Әсте, жоқ. Қызының мына ахуалына жаны шыдамаған Шерхан бір тоқтамға келді. Өзінің ішкі ойынан өзі қорықсада, онан өзге амалының жоқ екендігіне, шарасыздығына күйінді. Дәрігердің алдына келіп, «Өлімді женген ешкім жоқ. Өзектіге тарту өлім ғана. Ерте ме, кеш пе барар мекеніміз бір. Сол бір алыс мекенге Гауһарым сапар шекпек болған екен. Жазмыш болар. Аман қалды. Аллаға шүкір. Бірақ, ендігі сәтте бет алған жолынан қалдырғым келмейді. Мен күнәһар пенде болайын. Сендерді әсте кінәламаймын. Гауһарымның жанын қинамай ақырғы сапарға аттандырыздар. Бұл жайында ешкім білмесін. Күнәһар пенденің ақырғы сөзі деп ұғарсыз...» Шерхан дәрігердің сөзін күтетпестен кабинеттен шығып кетті. Қызының палатасына кірген бойда жанарына жас келіп, ақырғы рет Гауһарының шашынан сипап, маңлайынан өпті. Үнсіз ғана періште перзентімен ақырет сапары алдында бақиласып тұрды.

Жайна Ерахмет
Бөлісу:

1 пікір

bake
Ілмекте «Сатқындық» сөзі бар, әңгімеден сатқындықты таппадым. Нұрқанатта тұрмысқа шығуға рұқсат бермегендіктен өміріне қатер келіп, сосын әкесі баласының қиналғанын және онып сауықпайтынын көріп өлімге қиғанын оқыдым. Бұл жерде мынандай ой ғой. Нұрқанатқа қимай қызын өлімге қиып жатыр деген. Ондай таңдауды жасау қиының-қиыны. Менде алғашқы махаббат жайлы алғашқы әңгімемде бас кейіпкерімді, жігітті өлтіріп тыныш тапқанмын. Олда құлап өлген, тек нашаға масайып алып коттедждің төбесінен. Кейіпкерлеріміздің өлетіндей себептері ұқсас, бірақ кішкене Гаурһарды жақындырақ таныссақ жанымыз ашар ма еді оған?