Көк түсті Роза

Қыстың басы. Бірінші қар түсіп, еріп күн қайта суытқан кез. Қара суықта Күн жоғары көтерілмей қатпар-қатпар сұр бұлтты қас етіп түйіп алыпты.
Кеш гүлдеген гүл күнге қарапты. Күннен жылу сұрапты. Бүріскен жапырақтары жайылмайды, солып, кеуіп сынғалы тұр.
-Аяшы күн мені, жылуыңды бер!
Күн гүлдің жалбырынғанын естігенімен жыл мезгілін ескеріп жауап бермепті.


P.S.: Табиғаттың жаратқанында көк түсті роза гүлі болмайды. Қыста гүл гүлдемейді. Әр істің өз кезегі, мезгілі бар.
Бөлісу:

1 пікір

MamaAya
Думкаға түсіретін қысқа ғана жазба екен, Баке… Аз ғана сөз, бірақ жауап па, себеп пе іздетіп, ойландарып қоятын жазба...(((